Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 91 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде N 2925 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 19.01.2016 № 21 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № 139 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 238 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № 139 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тізбе келісуге Үржар аудандық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейітқановқа жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
      Келісілді:
      Үржар аудандық мәслихатының М. Бітімбаев
      хатшысы

      
      2013 жылғы 05 наурыз

 
Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 1 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері.
      2. Әлеуметтік қызмет мамандары.
      3. Әлеуметтік қызмет кеңесшілері.
      4. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер.

 
Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 2 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Үржар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын (әкімшіліктік шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарын қоспағанда), орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
      2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, бастауыш әскери дайындықтың оқытушы–ұйымдастырушысы, аккомпаниатор, зертханашы (физика, химия, биология, информатика кабинеттері).
      3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореограф.

 
Үржар аудандық әкімдігінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 91 қаулысына № 3 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет саласы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары ("Аудандық орталық кітапхана" Мемлекеттік мекемесінің, аудандық "Мәдениет үйі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директорлары).
      2. Мәдениет саласының мамандары: клуб меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, әртістер, бишілер (хореограф), музыкалық оператор, менеджер, көркемдік жетекшілер, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, костюмер, кітапханашылар, суретші, клуб жөніндегі маман, үйірме жетекшісі.

 
Үржар аудандық әкімдігінің
"27" ақпан 2013 ж
№ 91 қаулысына № 4 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қаулы 4 қосымшамен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 10.04.2014 № 139 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Директор;
      2. Директордың орынбасары;
      3. Филиалдың директоры;
      4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
      5. Мал дәрігері;
      6. Мал фельдшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады