Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес,Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы "Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың сызбасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылғы 17 ақпандағы № 4409 болып тiркелген, 2016 жылғы 29 ақпандағы № 34-35 "Уақыт тынысы/Пульс времени" аудандық газетінде жарияланған) № 19 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы Н. Қараталовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Зайнулдин |