Үржар ауданы бойынша шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың сызбасы мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 19 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда № 4409 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 16.03.2016 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың сызбасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.
      2. Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамыздағы "Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 27 тамыздағы № 4119 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 115-116 "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде жарияланған) № 400 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Садвакасовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкіміннің м.а. Ж.Байсабыров

  Үржар ауданы әкімдігінің
"19" қаңтар 2016 жылғы
№ 19 қаулысына № 1-қосымша

Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың сызбасы


Тура бағыт
Кері бағыт
 
1
Аялдама: Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Текебұлақ ауылы.
Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Алтыншоқы ауылы, "Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-нен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Алтыншоқы ауылы, "Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Текебұлақ ауылы.
 
2
Аялдама: Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Абай елді мекені.
Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Қаракол ауылы, "Қаракөл орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылы, "Қаракөл орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Абай елді мекені.
 
3
Аялдама: Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Қызыл жұлдыз ауылы.
Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Келдімұрат ауылы, "Благодарное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-нен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Келдімұрат ауылы, "Благодарное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-нен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Қызыл жұлдыз ауылы.
4
Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Амангелді ауылы.
Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің Жанай ауылы, "Жанай орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің Жанай ауылы, "Жанай орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Үржар аудданы Ақжар ауылдық округінің Амангелді ауылы.
5
Аялдама: Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Малақ ауылы.
Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Науалы ауылы, "Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-нен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Малақ ауылы.
Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Науалы ауылы, "Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
6
Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Қарамойыл ауылы.
Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылы, "Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылы, "Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Қарамойыл ауылы.
7
Аялдама: Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің Тасарық ауылы.
Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің Жаңа тілек ауылы, "Әуезов атындағы орта мектебі" коммунал-дық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң;
Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің Жаңа тілек ауылы, "Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-нен 50 метр қашықтықтағы алаң.
Аялдама: Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің Тасарық ауылы.

  Үржар ауданы әкімдігінің
"19" қаңтар 2016 жылғы
№ 19 қаулысына № 2-қосымша

Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен қол жүгі автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен қол жүгін тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
      4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
      7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.
      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.
      9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке затынан басқа кез келген жүктi, қол жүгі немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
      10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
      11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
      12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте жеткiзедi.
      13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
      14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) салонда тұруына және жүруiне;
      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiре берiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
      7) жазатайым жағдайдың алдын-алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда апаттық жабдықтарды пайдалануына;
      9) есiктердi ашуына;
      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.
      16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару есiгі арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
      17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2. Қорытынды ережелер

      20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады