Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы №18 "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3786 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтарда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған), 2016 жылғы 1 наурыздағы №50 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №18 "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4322 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Көлгінов |