Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18 "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтардағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, С. Есқалиев көшесі, 84.".
2. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (К. К. Ташимов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |