Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 28.02.2018 № 113-374 (қол қойылған күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 890 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3236) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 21 наурыздағы № 31 (3254) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
25-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25-1) Басқарма астананың жергілікті атқарушы органының атынан астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 25-5) тармақшамен толықтырылсын:
"25-5) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі;".
2. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |