"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы "20" қыркүйектегі № 1421 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі
1) "Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 бұйрығы;
2) "Қазақстан Республикасында тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 бұйрығы;
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 335 бұйрығы.