Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 1421 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 20.09.2018 № 1421 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылы 12 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңес туралы ереже бекітілсін.

      2. "Апелляциялық кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 12 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 85 бұйрығымен бекітілген

Апелляциялық кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Апелляциялық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Заңына (бұдан әрі - Селекциялық жетістіктер туралы заң), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Заңына (бұдан әрі - Патент заңы) және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Заңына (бұдан әрі - Тауар таңбалары туралы заң) сәйкес әзірленді.

      2. Апелляциялық кеңес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) алқалы органы болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.11.2014 № 335 бұйрығымен.

      3. Апелляциялық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) апелляциялық кеңес - "Қазақстан Республикасының Патент заңы", "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес берілетін қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін қарау жөніндегі Министрліктің алқалы органы;

      2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметті жүзеге асыратын Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйым;

      3) тараптар — Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысушы жеке және/немесе заңды тұлғалар;

      4) апелляциялық кеңестің алқасы - апелляциялық кеңесте қарсылықты қарау бойынша апелляциялық кеңестің алқалы органы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 26.11.2014 № 335 бұйрығымен.

2. Апелляциялық кеңестің негізгі мақсаттары мен функциялары

      5. Апелляциялық кеңестің негізгі мақсаты Селекциялық жетістіктер туралы заңға, Патент заңына және Тауар таңбалары туралы заңға сәйкес берілетін қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін қарау болып табылады.

      6. Апелляциялық кеңестің негізгі функциялары:

      1) Министрлікке келіп түсетін қарсылықтарды қабылдау, Апелляциялық кеңесте қарауға қарсылық материалдарын тіркеу және қалыптастыру;

      2) Апелляциялық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, Апелляциялық кеңестің шешімдерін жасау.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 26.11.2014 № 335 бұйрығымен.

3. Апелляциялық кеңестің негізгі құқықтары

      7. Апелляциялық кеңес өз құзыретінің шегінде:

      1) Апелляциялық кеңеске жүктелген мәселелер бойынша тараптардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

      2) дауларды қарау үшін мемлекеттік органдардың және сараптама жасау ұйымының тиісті салалардағы мамандарына тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыстық кездесулер ұйымдастыру;

      2-1) Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестің алқа отырыстарына қатыстыру;

      3) өз алқа отырыстарында тараптардың өкілдерін тыңдап, оларға сұрақтар қоюға құқылы.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 26.11.2014 № 335 бұйрығымен.

4. Апелляциялық кеңестің қызметін ұйымдастыру

      8. Апелляциялық кеңестің және оның алқасының құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.

      9. Апелляциялық кеңесті төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.

      10. Апелляциялық кеңестің төрағасы:

      1) оның қызметін басқарады;

      2) Апелляциялық кеңестің алқа отырысының кестесін, сондай-ақ Апелляциялық кеңестің алқа отырыстары өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;

      3) Апелляциялық кеңестің алқа отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.

      11. Апелляциялық кеңестің алқа отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін он күннен кешіктірілмей Апелляциялық кеңес алқасының әрбір мүшесіне хабарланады.

      12. Апелляциялық кеңестің жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Апелляциялық кеңестің, тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану, аттестациялық және апелляциялық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқармасына жүктеледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.11.2014 № 335 бұйрығымен.

      13. Апелляциялық кеңестің жұмыс органы:

      1) Апелляциялық кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді;

      2) қарсылық материалдарын жинау мен талдауды қамтамасыз етеді және бақылайды;

      3) Апелляциялық кеңестің шешімдерінің орындалуын бақылайды.

      14. Апелляциялық кеңестің хатшысы Апелляциялық кеңестің мүшесі болып табылмайды және Апелляциялық кеңестің алқа отырыстарының кестесі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және отырыс өткізілгеннен кейін шешім жобаларын ресімдеуді жүзеге асырады.

      15. Апелляциялық кеңес өзінің отырыстарын қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен бекітілген отырыстардың кестесіне сәйкес өткізеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.11.2014 № 335 бұйрығымен.

      16. Апелляциялық кеңестің алқа отырыстары оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.

      17. Апелляциялық кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Апелляциялық кеңестің алқа мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады