Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшiн жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 1421 бұйрығы.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2- тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы "20" қыркүйектегі
№ 1421 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі

      1) "Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 бұйрығы;

      2) "Қазақстан Республикасында тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 90 бұйрығы;

      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 335 бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады