Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.08.2022 № 47/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша және Түркістан облысы бойынша департаменттерінің бастықтары:
1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.08.2022 № 47/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) аумақтық органы болып табылады. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін өзге де аса қауіпті қылмыстардың жолын кесу, мемлекеттік құпияларды қорғау салаларында басшылықты жүзеге асырады және Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша уәкілетті орган болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, ҰҚК Төрағасының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, нақты және шартты атаулары, мөрлері және қазақ тілінде жазылған өзінің атауымен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департаменттің азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаменттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Әл-Фараби аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы;
2) Абай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Абай ауданы;
3) Еңбекші аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Еңбекші ауданы;
4) Қаратау аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы;
5) Тұран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Тұран ауданы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.08.2023 № 63/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 36.
9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпараттарына қол жеткізу;
3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
5) Шымкент қаласы аумағындағы терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
7) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
9) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) құқықтары:
астыртын әрекет ететін объектілерді (кәсіпорындарды және ұйымдарды) құру, сондай-ақ қызметкерлерді, құпия көмекшілерді, бөлімшелердің, ұйымдардың, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлайтын құжаттарды пайдалану;
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілер қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
консультативтік-кеңесші органдарды, өз құзыреті шегінде сараптама комиссияларын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарын құру;
сотқа жүгіну;
қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, криминалистикалық, психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу;
құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес арнайы құралдарды пайдалану;
мақсаттары мен іс-әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарына, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыру;
барлау қызметін жүзеге асыру кезінде, оның ішінде радиоэлектрондық және арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;
өз әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу жолын жабу және оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу туралы мәселелерді дербес немесе уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру кезінде басқа органдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шектерде орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
өндірісте жатқан материалдар бойынша азаматтарды Департаментке шақыру, олардан түсініктемелер, анықтамалар, құжаттар алу және олардан көшірмелер түсіру, шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда негізді күдік болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда күдікті адамдарды ұстап алуды жүргізу, ұстап алынғандардың құжаттарын тексеруді, оларды және олардың көлік құралдарын жеке жете тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ олардың алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою;
терроризмге қарсы операцияларға қатысу және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану;
қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау мен ұстап алу, ұстап алынғандарды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға орнына бару және жедел медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне (ұйымдарына) жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, сондай-ақ өзге де ұйымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалану. Байланыс құралдары мен көлік құралдары иелерінің талап етуі бойынша Департамент соның салдарынан келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;
егер кешіктіру азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау мақсатында ұйымдардың, әскери құралымдар мен бөлімдердің аумағы мен үй-жайларына, азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, оларға тиесілі жер учаскелеріне кедергісіз кіру. Департамент азаматтарға тиесілі тұрғын және өзге де үй-жайларға күштеп кіру жағдайлары туралы прокурорды жиырма төрт сағат ішінде хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізу;
ерекше режимдегi және өзге де объектiлердің арнайы күзетiлетiн аумақтарына кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, олардан түсініктемелер алу, оларды жеке жете тексеруді, заттары мен құжаттарын жете тексеруді және алып қоюды жүзеге асыру;
мемлекеттік құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
өзінің орналасқан жерінен тыс жерде Департамент функцияларының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған өзге де құрылымдық бөлімшелерге ие болу;
ұйымдармен шарттар, келісімдер (меморандумдар) жасасу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірге Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті бірлескен бұйрықтарды шығару;
Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгіленген қағидаларды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар тарату құралдарын пайдаланудың жолын кесу;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өтеусiз жəне заңнамалық актiлерде коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;
Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберу;
Департаменттің қызметіне жататын архивтік жедел, тергеу және басқа да материалдарды сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және өзге де ұйымдарының қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін шарттық негізде пайдалану;
Департамент объектілері мен үй-жайларына кіру (көлікпен кіру) және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде жеке тұлғалардың (Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған күзетілетін және өзге де адамдарды қоспағанда) жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, олардың өзімен алып жүрген заттарын жете тексеру;
құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, Департаментте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, тексеруді ұйымдастыру;
Департамент қызметкерлерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе құпия негізде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану;
арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану;
бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және электрондық жабдығының өзге де түрлерін пайдалану;
жабдықталған орындарда қару, оқ-дәрілер, қорғау мен қорғаныстың арнайы құралдарын сақтау;
жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
2) міндеттері:
"Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыру;
қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
терроризмді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған өзге де іс-әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;
заңнамада ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендірілген құралымдардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың іс-әрекетінің, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруының алдын алуда және жолын кесуде мемлекеттік органдарға көмек көрсету;
мемлекеттік органдарда, әскери құралымдарда, бөлімдер мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлап қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылау. Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат беруге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізу;
тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қорғаныс кешені, атом энергетикасы, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне және оның шегінен тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге қатысу;
Шымкент қаласының аумағында шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, шет елдердің мемлекет, үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ ел аумағында өткізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу;
жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін радиоэлектрондық құралдардан хабар таратушы берілетін радиосәулелерді анықтау;
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтеріне техникалық енуді болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру;
ҰҚК Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелерін көрсететін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
Департамент жеке құрамының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметшісінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізу;
прокурордың қадағалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты жазбаша талаптарын орындау;
қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Департаментте мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) ҰҚК басшылығының келісімімен және өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысу, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет салаларында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) терроризмге және экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін нұқсан келтіруге бағытталған өзге де іс-әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік органдардың терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл салаларындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, Шымкент қаласының аумағында терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастыру;
5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар, жаттығулар мен эксперименттер өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру;
6) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға әзірлік жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарсы барлау, жедел-іздестіру және барлау қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тікелей жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына елдің қоғамдық қауіпсіздігін, заңдылығын, құқықтық тәртібін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде, олардың алдына қойылған өзге де міндеттерді шешуде көмек көрсету;
9) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде көмек көрсету;
10) қарсыластың барлау-нұқсан келтіру акцияларын жүргізуіне жағдай жасайтын сыртқы және ішкі факторларды оқшаулау және бейтараптандыру бойынша, соның ішінде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көші-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті органдармен бірге шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
11) террористік қауіптілік деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім туралы, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіпке ұшыраған көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қолданатын шаралар, дағдарыстық жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың әрекеттері туралы халықты құлақтандыру;
12) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлап қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылау;
14) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізу, сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және (немесе) қызметтерді көрсетуге байланысты қызметке рұқсаттар беру;
15) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
16) Шымкент қаласының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау;
17) басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Шымкент қаласының аумағында шет мемлекеттердің өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшісінің лауазымын атқаруға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті арнайы тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
20) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, жұмыскерлерін, құпия көмекшілерін, мекемелерін, үй-жайлары мен көлік құралдарын, сондай-ақ олардың ведомстволық тиесілілігін, оның ішінде шет елдерде қорғауды және шифрлауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;
21) жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
22) қылмыстық процеске қатысатын адамдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
23) Шымкент қаласының аумағында террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;
23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Шымкент қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;
24) Департаментті жауынгерлік, техникалық, материалдық, кадрлық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да қамтамасыз ету түрлерін ұйымдастыру, оның ішінде қызметкерлер мен жұмыскерлерді тамақтандыру, ғимараттар мен құрылысжайларды күрделі салу және реконструкциялау, жөндеу, тұрғын үй және казармалық-тұрғын үй құрылысы, жөндеу;
25) Департаментте архив ісін ұйымдастыру, осы мақсаттарда ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
26) психологиялық-әлеуметтанушылық және психологиялық-физиологиялық зерттеулер жүргізу;
27) полиграфологиялық зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық жүйесінде есепке алуды жүзеге асыру;
28) әскери-дәрігерлік сараптама, сондай-ақ наркологиялық тестілеу жүргізу;
29) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану;
30) өз құзыреті шегінде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
31) азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде шақыру комиссияларының жұмысына қатысу;
32) жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректер негізінде ҰҚК Шекара қызметінің қажеттіліктері үшін әскерге шақыру контингентіне мониторингті және іріктеуді жүзеге асыру;
33) шектес мемлекеттердің аумағынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру;
34) Департаментте құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
35) Департаментте мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамыту және кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
36) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
37) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қарсы барлау, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
38) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау;
39) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық актілер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіру және бақылау;
40) Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылау;
41) киберкеңістікте мемлекеттің ақпаратын, коммуникацияларын және стратегиялық инфрақұрылым объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
42) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
43) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдардың міндеттерді шешу мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жүзеге асыру;
44) ғимараттардың, объектілердің күзетін, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз ету.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.08.2023 № 63/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Департамент бастығының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Департаментке басшылықты оның бастығы жүзеге асырады, ол Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Департаменттің бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Департамент бастығының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департаменттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының өкілеттігін айқындайды;
3) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Департамент бастығы ҰҚК басшылығына Департаменттің құрылымы және штаты бойынша ұсыныстар ұсынады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департамент заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады. Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 02.08.2022 № 47/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) аумақтық органы болып табылады. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіретін өзге де аса қауіпті қылмыстардың жолын кесу, мемлекеттік құпияларды қорғау салаларында басшылықты жүзеге асырады және Түркістан облысының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша уәкілетті орган болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, ҰҚК Төрағасының бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, нақты және шартты атаулары, мөрлері және қазақ тілінде жазылған өзінің атауымен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департаменттің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Арыс қаласы және теміржол станциясы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Арыс қаласы, Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтері; Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандары;
2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдық округтері;
3) Жетісай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісай ауданы;
4) Мақтаарал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мақтаарал ауданы;
5) Сайрам аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сайрам ауданы;
6) Сарыағаш аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сарыағаш ауданы;
7) Келес аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Келес ауданы;
8) Созақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Созақ ауданы;
9) Қазығұрт аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Қазығұрт ауданы;
10) Төлеби аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Төлеби ауданы;
11) Түлкібас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Түлкібас ауданы;
12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы;
13) Сауран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сауран ауданы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.08.2023 № 63/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Заңды тұлғаның орналаскан жері: 160225, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 32-көше, 11-ғимарат.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 22.05.2023 № 30/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпараттарына қол жеткізу;
3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған террористік және өзге де іс-әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
5) Түркістан облысы аумағындағы терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
7) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оларды жүргізуді қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
9) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) құқықтары:
астыртын әрекет ететін объектілерді (кәсіпорындарды және ұйымдарды) құру, сондай-ақ қызметкерлерді, құпия көмекшілерді, бөлімшелердің, ұйымдардың, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлайтын құжаттарды пайдалану;
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілер қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
консультативтік-кеңесші органдарды, өз құзыреті шегінде сараптама комиссияларын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарын құру;
сотқа жүгіну;
қарсы барлау іс-шараларын, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, криминалистикалық, психологиялық-әлеуметтанушылық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу;
құқыққа қайшы іс-әрекеттің жолын кесу жөніндегі жедел-жауынгерлік іс-шараларды әзірленетін арнайы әдістемелерге сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес арнайы құралдарды пайдалану;
мақсаттары мен іс-әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарына, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыру;
барлау қызметін жүзеге асыру кезінде, оның ішінде радиоэлектрондық және арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы барлау субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;
өз әрекеттерімен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе нұқсан келтіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу жолын жабу және оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу туралы мәселелерді дербес немесе уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру кезінде басқа органдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген шектерде орындалуы міндетті тапсырмалар беру;
өндірісте жатқан материалдар бойынша азаматтарды Департаментке шақыру, олардан түсініктемелер, анықтамалар, құжаттар алу және олардан көшірмелер түсіру, шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп әкелу;
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда негізді күдік болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда күдікті адамдарды ұстап алуды жүргізу, ұстап алынғандардың құжаттарын тексеруді, оларды және олардың көлік құралдарын жеке жете тексеруді жүзеге асыру, сондай-ақ олардың алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою;
терроризмге қарсы операцияларға қатысу және терроризмге қарсы операциялардың құқықтық режимін қамтамасыз ету кезінде "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану;
қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау мен ұстап алу, ұстап алынғандарды ұстау орындарына жеткізу, сондай-ақ оқиға орнына бару және жедел медициналық көмекті қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне (ұйымдарына) жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, сондай-ақ өзге де ұйымдарға тиесілі байланыс құралдарын, көлік құралдарын пайдалану. Байланыс құралдары мен көлік құралдары иелерінің талап етуі бойынша Департамент соның салдарынан келтірілген нақты залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді;
егер кешіктіру азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды жасады деп күдік келтірілген адамдарды қудалау мақсатында ұйымдардың, әскери құралымдар мен бөлімдердің аумағы мен үй-жайларына, азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, оларға тиесілі жер учаскелеріне кедергісіз кіру. Департамент азаматтарға тиесілі тұрғын және өзге де үй-жайларға күштеп кіру жағдайлары туралы прокурорды жиырма төрт сағат ішінде хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнген қатерді іске асыруға, тергеп-тексерілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізу;
ерекше режимдегi және өзге де объектiлердің арнайы күзетiлетiн аумақтарына кiруге әрекет жасаған және кiруге байланысты құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды әкімшілік ұстап алуды жүзеге асыру. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, олардан түсініктемелер алу, оларды жеке жете тексеруді, заттары мен құжаттарын жете тексеруді және алып қоюды жүзеге асыру;
мемлекеттік құпиялардың, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
өзінің орналасқан жерінен тыс жерде Департамент функцияларының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған өзге де құрылымдық бөлімшелерге арнайы ие болу;
ұйымдармен шарттар, келісімдер (меморандумдар) жасасу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірге Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті бірлескен бұйрықтарды шығару;
Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау туралы белгіленген қағидаларды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын радиоэлектрондық хабар тарату құралдарын пайдаланудың жолын кесу;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тəртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпаратты мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан өтеусiз жəне заңнамалық актiлерде коммерциялық, банктiк жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етуге белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;
Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жіберу;
Департаменттің қызметіне жататын архивтік жедел, тергеу және басқа да материалдарды сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және өзге де ұйымдарының қызметтік үй-жайларын, көлік және өзге де техникалық құралдарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың үй-жайларын, көлік құралдары мен өзге мүліктерін шарттық негізде пайдалану;
Департамент объектілері мен үй-жайларына кіру (көлікпен кіру) және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде жеке тұлғалардың (Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған күзетілетін және өзге де адамдарды қоспағанда) жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, олардың өзімен алып жүрген заттарын жете тексеру;
құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, Департаментте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды жүзеге асыру, тексеруді ұйымдастыру;
Департамент қызметкерлерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін немесе құпия негізде ұлттық қауіпсіздік органдарына жәрдем көрсететін азаматтардың жеке басын шифрлау мақсатында басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құжаттарын пайдалану;
арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзірлеу, жасау, сатып алу және пайдалану;
бірлескен нормативтік құқықтық актілерде немесе келісімдерде айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бейнекамераларын және электрондық жабдығының өзге де түрлерін пайдалану;
жабдықталған орындарда қару, оқ-дәрілер, қорғау мен қорғаныстың арнайы құралдарын сақтау;
жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану.
2) міндеттері:
"Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау қызметін жүзеге асыру;
қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;
терроризмді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған өзге де іс-әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;
заңнамада ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендірілген құралымдардың, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың іс-әрекетінің, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруының алдын алуда және жолын кесуде мемлекеттік органдарға көмек көрсету;
мемлекеттік органдарда, әскери құралымдарда, бөлімдер мен ұйымдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлап қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылау. Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат беруге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізу;
тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қорғаныс кешені, атом энергетикасы, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге баруына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне және оның шегінен тыс жерлерге кетуіне, сондай-ақ олардың Республика аумағында болу режиміне қатысты мәселелерді шешуге қатысу;
Түркістан облысының аумағында шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауы бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, шет елдердің мемлекет, үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасында болған кезеңінде олардың, сондай-ақ ел аумағында өткізілетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу;
жұмысы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін радиоэлектрондық құралдардан хабар таратушы берілетін радиосәулелерді анықтау;
жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтеріне техникалық енуді болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру;
ҰҚК Төрағасының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүргізу, осы қызметтің нәтижелерін көрсететін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
Департамент жеке құрамының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары қызметшісінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізу;
прокурордың қадағалау функцияларын жүзеге асыруға байланысты жазбаша талаптарын орындау;
қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Департаментте мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) ҰҚК басшылығының келісімімен және өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысу, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет салаларында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымдарымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шешімдер қабылдауға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
4) терроризмге және экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін нұқсан келтіруге бағытталған өзге де іс-әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, мемлекеттік органдардың терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл салаларындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, Түркістан облысының аумағында терроризмге қарсы операциялар жүргізуді ұйымдастыру;
5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар, жаттығулар мен эксперименттер өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру;
6) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға әзірлік жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарсы барлау, жедел-іздестіру және барлау қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру және тікелей жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына елдің қоғамдық қауіпсіздігін, заңдылығын, құқықтық тәртібін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде, олардың алдына қойылған өзге де міндеттерді шешуде көмек көрсету;
9) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде көмек көрсету;
10) қарсыластың барлау-нұқсан келтіру акцияларын жүргізуіне жағдай жасайтын сыртқы және ішкі факторларды оқшаулау және бейтараптандыру бойынша, соның ішінде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көші-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласында уәкілетті органдармен бірге шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
11) террористік қауіптілік деңгейін белгілеу, өзгерту немесе алып тастау және ол белгіленетін мерзім туралы, сондай-ақ шегінде ол белгіленетін аумақтың шекаралары, террористік тұрғыдан осал объектілер, террористік қауіпке ұшыраған көлік объектілері, оны жою бойынша құзыретті мемлекеттік органдар қолданатын шаралар, дағдарыстық жағдайлардағы азаматтық тұрғындардың әрекеттері туралы халықты құлақтандыру;
12) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
13) мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қарсы барлап қорғау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылау;
14) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізу, сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға, мемлекеттік құпияларды қорғау құралдарын жасауға, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және (немесе) қызметтерді көрсетуге байланысты қызметке рұқсаттар беру;
15) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
16) Түркістан облысының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау;
17) басқа құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Түркістан облысының аумағында шет мемлекеттердің өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметшісінің лауазымын атқаруға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті арнайы тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
20) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, жұмыскерлерін, құпия көмекшілерін, мекемелерін, үй-жайлары мен көлік құралдарын, сондай-ақ олардың ведомстволық тиесілілігін, оның ішінде шет елдерде қорғауды және шифрлауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру;
21) жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
22) қылмыстық процеске қатысатын адамдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
23) Түркістан облысының аумағында террористік қатерлерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;
23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Түркістан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;
24) Департаментті жауынгерлік, техникалық, материалдық, кадрлық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да қамтамасыз ету түрлерін ұйымдастыру, оның ішінде қызметкерлер мен жұмыскерлерді тамақтандыру, ғимараттар мен құрылысжайларды күрделі салу және реконструкциялау, жөндеу, тұрғын үй және казармалық-тұрғын үй құрылысы, жөндеу;
25) Департаментте архив ісін ұйымдастыру, осы мақсаттарда ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
26) психологиялық-әлеуметтанушылық және психологиялық-физиологиялық зерттеулер жүргізу;
27) полиграфологиялық зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттық жүйесінде есепке алуды жүзеге асыру;
28) әскери-дәрігерлік сараптама, сондай-ақ наркологиялық тестілеу жүргізу;
29) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану;
30) өз құзыреті шегінде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
31) азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде шақыру комиссияларының жұмысына қатысу;
32) жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректер негізінде ҰҚК Шекара қызметінің қажеттіліктері үшін әскерге шақыру контингентіне мониторингті және іріктеуді жүзеге асыру;
33) шектес мемлекеттердің аумағынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ "Төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру;
34) Департаментте құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
35) Департаментте мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамыту және кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
36) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
37) ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін қарсы барлау, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
38) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру және бақылау;
39) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық актілер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіру және бақылау;
40) Түркістан облысы аумағында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылау;