БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір айлық мерзімде хабардар етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы "7" тамыздағы № 63/қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9886 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Алматы облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10010 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Щучье қалалық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Бурабай, Бұланды аудандары және Біржан сал ауданы;
2) Қосшы қаласындағы басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Қосшы қаласы, Целиноград, Ерейментау, Аршалы және Қорғалжын аудандары;
3) Степногорск қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе, Бөгенбай, Изобильное, Қарабұлақ, Қырық құдық кенттері;
4) Есіл қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Есіл, Жарқайың және Жақсы аудандары;
5) Атбасар аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Атбасар, Астрахан және Егіндікөл аудандары;
6) Ақкөл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Ақкөл және Шортанды аудандары;
7) Зеренді аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Зеренді және Сандықтау аудандары.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Ақмола облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10771 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Қостанай облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11022 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Маңғыстау облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11707 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Жамбыл облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 маусымдағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12002 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Алматы қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Мәртөк аудандық бөлімі, орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Мәртөк кенті. Қызмет көрсету аймағы – Мәртөк, Қобда және Қарғалы аудандары;
2) Мұғалжар аудандық бөлімі, орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Қандығаш қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Мұғалжар ауданы;
3) Темір аудандық бөлімі, орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Шұбарқұдық ауылдық округі. Қызмет көрсету аймағы – Темір ауданы;
4) Шалқар аудандық бөлімі, орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
5) Хромтау аудандық бөлімшесі, орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы. Қызмет көрсету аймағы – Хромтау және Әйтекеби аудандары;
6) Байғанин аудандық бөлімшесі, орналасқан орны: Ақтөбе облысы, Қарауылкелді кенті. Қызмет көрсету аймағы – Байғанин және Ойыл аудандары;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Ақтөбе облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12265 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Алматы аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Алматы ауданы;
2) Есіл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Есіл ауданы;
3) Сарыарқа аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Сарыарқа ауданы;
4) Байқоңыр аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Байқоңыр ауданы;
5) Нұра аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Астана қаласының Нұра ауданы.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Астана қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
10. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 79 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12261 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Қарағанды облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу.".
11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12254 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Павлодар облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12262 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12253 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
14. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12271 болып тіркелген) мынадай
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
15. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12279 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Атырау облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
16. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 124014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Арыс қаласы және теміржол станциясы бойынша бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Арыс қаласы, Ақдала, Байырқұм, Дермене, Жиделі, Монтайтас, Қожатоғай ауылдық округтері; Бәйдібек, Ордабасы және Отырар аудандары;
2) Кентау қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Кентау қаласы, Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдық округтері;
3) Жетісай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісай ауданы;
4) Мақтаарал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Мақтаарал ауданы;
5) Сайрам аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сайрам ауданы;
6) Сарыағаш аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сарыағаш ауданы;
7) Келес аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Келес ауданы;
8) Созақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Созақ ауданы;
9) Қазығұрт аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Қазығұрт ауданы;
10) Төлеби аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Төлеби ауданы;
11) Түлкібас аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Түлкібас ауданы;
12) Шардара аудандық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Шардара ауданы;
13) Сауран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Сауран ауданы.";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Түркістан облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Әл-Фараби аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы;
2) Абай аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Абай ауданы;
3) Еңбекші аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Еңбекші ауданы;
4) Қаратау аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы;
5) Тұран аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Шымкент қаласының Тұран ауданы.".
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Шымкент қаласының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".
17. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12002 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Абай облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;";
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Жетісу облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;";
жоғарыда аталаған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
"23-1) жергілікті атқарушы орган әзірлейтін Ұлытау облысы аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін келісу;".