Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 193 және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 303 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_____________Н. Айдапкелов



Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері
Бас штабының бастығы
__________М. Бектанов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 193 және
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Бас штабының
бастығының 2019 жылғы
30 желтоқсандағы № 303
бірлескен бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы 2020 жылғы 1- 30 қазан аралығындағы кезеңде өткізу мерзімдері (бұдан әрі - халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.

      2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бас штабының бастығы (келісім бойынша) енгізілген.

      3. Жоспарға, сондай-ақ "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) және уақытша жоқ адамдарды және уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді қоса алғанда, әскери бөлімдердің және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар (бұдан әрі - респондент) жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен өткізіледі:

      1) интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы;

      2) халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күн халық санағы Интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында онлайн режимде, көрсетілген сайтта тіркеліп және электрондық санақ парақтарын өз бетінше толтырғаннан кейін өткізіледі.

2-тарау. ҚР Қорғанысмині объектілерінде халық санағын ұйымдастыру

      4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдерінде және мекемелерінде (бұдан әрі -ҚР Қорғанысмині объектілері) халық санағын ұйымдастыру және өткізу мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі.

      5. Халық санағын өткізудің толықтығы мен сапасын бақылау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гарнизондарының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің бастықтарына (командирлеріне) (бұдан әрі - Бөлім қолбасшылығы) жүктеледі.

      6. ҚР Қорғанысминінде мыналар құрылады:

      1) Халық санағына дайындық және өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқамалық мәселелерді шешетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді үйлестіру және жәрдемдесу жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі - Орталық комиссия). Орталық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі;

      Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі - ҚР ҰЭМ СК) өзара іс-қимылды, жаппай-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізуді, санақ өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      2) халық санағын ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде құрылған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Халық санағы бойынша комиссия). Халық санағы бойынша комиссияның құрамы Бөлім қолбасшылығының бұйрығымен бекітіледі.

      Халық санағы бойынша комиссия ҚР ҰЭМ СК аумақтық органдарымен (бұдан әрі-Департаменттер) өзара іс-қимылды, жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде халық санағын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарын құруды, жауапты мамандарды іріктеу және оқытуды, 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аумақтық белгісі бойынша мекенжайларды, шекараларын көрсете отырып, контингенттер орналасқан объектілер тізбесін құру және нақтылауды, халық санағына өткізу кезінде бақылау іс-шараларын жүзеге асыруды, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын камтамасыз етуді жүзеге асырады.

3-тарау. ҚР Қорғанысмині объектілерінде халық санағын өткізу тәртібі

1-бөлім. Жауапты қызметкерлер

      12. ҚР Қорғанысмині объектілерінде халық санағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері санынан халық санағын өткізу жөніндегі жауапты қызметкерлердің (бұдан әрі - жауапты қызметкерлер) көмегімен жүргізіледі.

      Жауапты қызметкерлер халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша Департаменттер өткізетін оқыту семинарларында оқытудан өтеді.

      8. Жауапты қызметкерлер Интернетке шығатын үй-жайлармен және компьютерлермен қамтамасыз етіледі.

      2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы

      9. Департаменттер жауапты қызметкерлерге 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі - санақ парақтары) бірге халық санағы аяқталған соң Департаментке қайтарылатын соққыға төзімді қорғайтын қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилусы, портативтік құрылғысы бар жиынтықтағы (Powerbank USB шнурымен жиынтықта) планшеттерді (бұдан әрі - планшеттер) қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді. Сондай-ақ халық санағын өткізуге қажетті қағаз жеткізгіштегі санақ құралы (бұдан әрі - санақ құралы):

      1) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірме;

      2) халық санағынан өту туралы анықтама беріледі.

      3-бөлім. Санақтан өтуге жататын халықтың санаты

      17. ҚР Қорғанысмині объектілерінде санақтан өтуге халықтың мынадай санаттары жатады:

      1) рұқсаты шектелген ҚР Қорғанысмині объектілерінің аумағында тұратын офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері және азаматтық персонал;

      2) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері;

      3) рұқсаты шектелген ҚР Қорғанысмині объектілерінің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар;

      4) магистранттар, докторанттар және адъюнктілер;

      5) әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері;

      6) "Жас Ұлан" Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері.

      18. Қазақстан Республикасының жабық аумағынан тыс тұратын офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді және азаматтық персоналды тұрақты тұрғылықты жері бойынша азаматтық тұрғындар ретінде өздерінің отбасылары құрамында Департаменттердің санақ персоналы санақтан өткізеді.

      19. Демалыста және шетел іссапарларында жүрген әскери қызметшілер Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде атқаратын лауазымдарынан босатусыз жеке істері және басқа да есепке алу деректері бойынша тұрақты қызмет ететін орны бойынша санақтан өтеді.

      20. Офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, олардың отбасы мүшелері мен әскери госпитальдарда ем қабылдап жатқан басқа да азаматтық тұлғалар (егер олардың келгеніне 1 жылдан аспаса) уақытша тұратындар ретінде санақтан өтеді.

      21. ҚР Қорғанысмині объектілері аумағында тұратын, қорға босатылған, бірақ санақ күні ҚР Қорғанысмині объектілерінен шықпаған әскери қызметшілерді жауапты қызметкерлер тұрақты тұратын азаматтық тұрғындар санында санақтан өткізеді.

      22. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері санақтан олардың қызмет етіп жатқан орны бойынша өтеді.

      23. ҚР Қорғанысмині объектілеріндегі алмастырушы құрам тұрғылықты жері бойынша (казарма, жатақхана және басқалары) санақтан өтеді. Ортақ тұрғын үй алаптарында тұрған жағдайда (жеке пәтерлерде, ТҮПК үйлерінде және т.б.) алмастырушы құрамды Департаменттердің санақ персоналы санақтан өткізеді.

      24. 12 айдан аспайтын оқыту мерзімімен курстарда немесе жиындарда оқып жатқан, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері уақытша тұратындар ретінде санақтан өтеді.

      25. 12 айдан асатын оқыту мерзімімен курстарда оқып жүргендер тұрақты тұрғылықты жерінде болмау ұзақтығына қарамастан ҚР Қорғанысмині объектісінде тұрақты халық ретінде санақтан өтеді.

      26. ҚР Қорғанысмині объектілерінде тұратын азаматтық тұрғындар тұрғылықты жері бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес санақтан өткізіледі.

5-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері

      27. ҚР Қорғанысмині объектілеріндегі халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:

      1) бірінші кезеңде халық санағына жататын респонденттердің тізімі 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жасалады және Департаментке беріледі.

      2) екінші кезеңде халық санағынан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электрондық санақ парақтарын планшеттерде немесе Интернет желісі арқылы онлайн режимде "sanaq.gov.kz" сайтында толтыру өткізіледі.

      Респондентке сауал салу мүмкіндігі болмаған жағдайда жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыру үшін кадр қызметінен мәліметтер алады.

      Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер www.sanaq.gov.kz сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторизациялаудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.

      Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда алынған деректер деректерді жөнелту туралы белгісімен (сақтау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс арнасы бойынша жіберіледі.

      Қашықтыққа немесе жергілікті жерлерде ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктелерінің болмауына байланысты алынған деректерді планшеттен жүктеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, деректер USB шнуры арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне жүктеледі.

Об утверждении Порядка взаимодействия Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с Министерством обороны Республики Казахстан при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году на объектах Министерства обороны Республики Казахстан

Совместный приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2019 года № 193 и Первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан от 30 декабря 2019 года № 303

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 7 Правил и сроков проведения национальных переписей, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049, подпунктом 266-52) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, а также, пункта 3 Плана мероприятий по проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419 ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемый Порядок взаимодействия Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с Министерством обороны Республики Казахстан при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году на объектах Министерства обороны Республики Казахстан.

      2. Комитету по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      2) направление настоящего совместного приказа на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) настоящий совместный приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся для исполнения.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих соответствующее направление деятельности заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан и заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие со дня его подписания последним из руководителей государственного органа.

Председатель Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан __________Н. Айдапкелов

Первый заместитель Министра обороны – начальник Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан __________М. Бектанов

  Утвержден
совместным приказом
Председателя Комитета по
статистике Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
от "26" декабря 2019 года
№ 193
и первого заместителя
Министра обороны – начальника
Генерального штаба Вооруженных
Сил Республики Казахстан
от "30" декабря 2019 года
№ 303

Порядок взаимодействия Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с Министерством обороны Республики Казахстан при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году на объектах Министерства обороны Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419 "О проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году" утверждены сроки проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в период с 1 по 30 октября 2020 года (далее – перепись населения) и План мероприятий по проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году (далее – План).

      2. Координация деятельности центральных и местных исполнительных органов при проведении переписи населения приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 августа 2019 года № 208 возложена на специальную комиссию для решения организационных и инструктивных вопросов, связанных с подготовкой и проведением национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году, в состав которой от Министерства обороны Республики Казахстан включен первый заместитель Министра обороны – начальник Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан (по согласованию).

      3. В соответствии с Планом, а также приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 11 "Об утверждении переписных листов для проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19465) (далее – приказ) переписи населения подлежат все постоянно проживающие в стране респонденты, входящие в состав домашнего хозяйства (граждане Республики Казахстан, иностранные граждане, лица без гражданства), в том числе военнослужащие (включая членов их семей) и гражданское население, проживающее на территориях воинских частей и закрытых административно-территориальных единиц, включая временно отсутствующих и временно проживающих и (или) пребывающих (далее – респондент).

      Учет населения при проведении переписи населения осуществляется по состоянию на момент 00:00 часов по времени города Нур-Султана с 30 сентября на 1 октября 2020 года.

      Перепись населения проводится с использованием двух методов сбора информации:

      1) опрос респондентов интервьюерами путем заполнения электронных переписных листов с использованием планшета с 1 по 30 октября 2020 года;

      2) одновременно с началом переписи населения в первые 15 (пятнадцать) календарных дней с 1 по 15 октября 2020 года перепись населения проводится в онлайн режиме посредством сети Интернет на специализированном сайте www.sanaq.gov.kz, после регистрации и самозаполнения электронных переписных листов на указанном сайте.

Глава 2. Организация переписи населения на объектах МО РК

      4. В целях организации и проведения переписи населения в гарнизонах, воинских частях и учреждениях Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – объекты МО РК) проводятся организационные мероприятия по всем структурным подразделениям.

      5. Контроль над полнотой и качеством проведения переписи населения возлагается на начальников (командиров) гарнизонов, воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – Командование части).

      6. В МО РК создаются:

      1) Центральная комиссия по координации и содействию проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году на объектах Министерства обороны Республики Казахстан (далее – Центральная комиссия), для решения организационных и инструктивных вопросов, связанных с подготовкой и проведением переписи населения. Состав Центральной комиссии утверждается приказом Министра обороны Республики Казахстан;

      Центральная комиссия осуществляет взаимодействие с Комитетом по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее – КС МНЭ РК), организацию и проведение массово-разъяснительной работы, организационные мероприятия по проведению переписи населения и контроль за их исполнением.

      2) Комиссии по организации и проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году созданных в гарнизонах, воинских частях и учреждениях Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – Комиссия по переписи населения), для организации и проведению переписи населения. Состав Комиссии по переписи населения утверждается приказом Командования части.

      Комиссия по переписи населения осуществляет взаимодействие с территориальными органами КС МНЭ РК (далее – Департаменты), проведение массово-разъяснительной работы, составление календарных планов работ по организации и проведению переписи населения в гарнизонах, воинских частях и учреждениях Вооруженных Сил Республики Казахстан, подбор и обучение ответственных сотрудников, составление и уточнение перечня объектов, на которых размещены контингенты с указанием адресов, границ по территориальному признаку в срок до 1 июня 2020 года, контрольные мероприятия в ходе проведения переписи населения, обеспечение конфиденциальности первичных статистических данных.

Глава 3. Порядок проведения переписи населения на объектах МО РК

Раздел 1. Ответственные сотрудники

      7. Перепись населения на объектах МО РК проводится ответственными сотрудниками по проведению переписи населения (далее – ответственные сотрудники) из числа военнослужащих Вооруженных сил Республики Казахстан.

      Ответственные сотрудники проходят обучение по всем вопросам, касающимся проведения переписи населения, на обучающих семинарах, проводимых Департаментами.

      8. Ответственные сотрудники обеспечиваются помещениями и компьютерами с выходом в Интернет.

      Раздел 2. Материально-техническое обеспечение и переписной инструментарий

      9. Департаменты передают ответственным сотрудникам по акту приема-передачи планшеты в комплекте с защитным ударопрочным чехлом, предустановленным защитным стеклом, зарядным устройством, USB шнуром, стилусом, портативным зарядным устройством (Powerbank в комплекте с USB шнуром) (далее – планшеты) с электронными переписными листами для проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году (далее – переписные листы), которые возвращаются Департаменту по окончанию переписи населения. А также передается переписной инструментарий, необходимый для проведения переписи населения на бумажных носителях (далее – переписной инструментарий):

      1) пояснения по заполнению переписных листов для переписного персонала при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан 2020 года;

      2) справки о прохождении переписи населения.

      Раздел 3. Категории населения, подлежащие к переписи

      10. На объектах МО РК подлежат переписи следующие категории населения:

      1) офицеры, военнослужащие по контракту составов сержантов (старшин), солдат (матросов) и гражданский персонал, проживающие на территории объектов МО РК, доступ на которые ограничен;

      2) военнослужащие срочной службы;

      3) гражданское население, проживающее на территории объектов МО РК, доступ на которые ограничен;

      4) магистранты, докторанты и адъюнкты;

      5) курсанты и кадеты военных учебных заведений;

      6) воспитанники Республиканской школы "Жас Улан".

      11. Офицеры, военнослужащие по контракту составов сержантов (старшин), солдат (матросов) и гражданский персонал, проживающие вне закрытой территории Республики Казахстан, переписываются по месту постоянного жительства как гражданское население переписным персоналом Департаментов в составе своих семей.

      12. Военнослужащие, находящиеся в отпусках и заграничных командировках без освобождения от занимаемых должностей в воинских частях и учреждениях Вооруженных Сил, переписываются по месту их постоянной службы по личным делам и другим учетным данным.

      13. Офицеры, военнослужащие по контракту составов сержантов (старшин) и солдат (матросов), члены их семей и другие гражданские лица, находящиеся на лечении в военных госпиталях (если их пребывание не превышает года) переписываются как временно проживающие.

      14. Военнослужащие, проживающие на территории объектов МО РК, уволенные в запас, но ко дню переписи, не выбывшие из объектов МО РК, переписываются в числе постоянно проживающего гражданского населения ответственными сотрудниками.

      15. Военнослужащие срочной службы, курсанты и кадеты военных учебных заведений проходят перепись населения по месту их службы.

      16. Переменный состав на объектах МО РК переписывается по месту жительства (казарма, общежитие и другие). В случае проживания в общих жилых массивах (на частных квартирах, в домах ЖЭК и т.п.), переменного состава переписываются переписным персоналом Департаментов.

      17. Военнослужащие Вооруженных сил Республики Казахстан, обучающиеся на курсах или сборах со сроком обучения менее 12 месяцев, имеющие постоянное место жительства на территории другой административно-территориальной единицы, переписываются как временно проживающие.

      18. Обучающиеся на курсах со сроком обучения свыше 12 месяцев независимо от продолжительности отсутствия в месте постоянного жительства переписываются на объекте МО РК как постоянное население.

      19. Гражданское население проживающие на объектах МО РК, переписывается по месту жительства в полном соответствии с Пояснениями по заполнению переписных листов для переписного персонала при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан 2020 года.

      Раздел 4. Этапы проведения переписи населения

      20. Перепись населения на объектах МО РК делится на 2 этапа:

      1) на первом этапе составляются списки респондентов, подлежащих переписи населения, по состоянию на 1 июня 2020 года и передаются в Департамент;

      2) на втором этапе проводится опрос респондентов, подлежащих переписи населения и заполнение электронных переписных листов согласно спискам, составленным на первом этапе, на планшетах или в онлайн режиме посредством сети Интернет на сайте "sanaq.gov.kz".

      В случае отсутствия возможности опроса респондента, ответственные сотрудники получают сведения для заполнения переписных листов в кадровой службе.

      При прохождении переписи в онлайн режиме посредством сети Интернет респонденты, подлежащие переписи, проходят регистрацию на сайте www.sanaq.gov.kz самостоятельно либо с помощью ответственных сотрудников. После успешной регистрации и авторизации заполняются электронные переписные листы. Заполненные переписные листы автоматически попадают в Базу данных переписи населения.

      При наличии VPN-канала на планшете полученные данные передаются по выделенному защищенному каналу связи в Базу данных переписи населения, с отметкой об отправке данных (дата и время синхронизации).

      При невозможности выгрузки полученных данных с планшета в силу отдаленности или отсутствия на местах точки доступа мобильной сети, данные выгружаются посредством USB шнура на электронный носитель сотрудника Департамента.