Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық тараптардың соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы 2020 жылғы 1-30 қазан аралығындағы кезеңде өткізу мерзімдері (бұдан әрі - халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.
2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (келісім бойынша) енгізілген.
3. Жоспарға және "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19465 болып тіркелген) (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары саласы бойынша (дипломатиялық корпус) қызметтік міндеттерді орындауға немесе ұзақ қызметтік іссапарға (олармен бірге жүрген отбасының мүшелерін қоса алғанда) байланысты 12 ай және одан көп мерзімге шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ қызметтік іссапарға, келісімшарт бойынша жұмысқа, оқуға ("Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса алғанда - олардың елдегі болмаған мерзіміне қарамастан) 12 айдан аз мерзімге шетелге кеткен адамдар; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және шетелге демалуға, емделуге, туыстарына немесе таныстарына қонаққа уақытша кеткен адамдар (олардың болмау мерзіміне қарамастан) (бұдан әрі - шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары) жатады.
Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен өткізіледі:
1) интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы (Қазақстан Республикасының аумағында);
2) халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күн халық санағы Интернет желісі арқылы "www.sanaq.gov.kz" мамандандырылған сайтында онлайн режимде өткізіледі.
2-тарау. Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының санағын ұйымдастыру
4. Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне (бұдан әрі - ҚР СІМ КҚД) жүктеледі.
5. ҚР СІМ КҚД шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының санағы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің елшіліктермен, бас консулдықтармен және шетелдердегі Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдіктерімен (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері) өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын санақтан өткізу тәртібі
6. Шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары "www.sanaq.gov.kz" сайтында электрондық санақ парақтарын онлайн-режимде өз бетінше толтыру арқылы өтеді. Қазақстан Республикасы азаматтарының санақтан өз бетінше өту мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР шетелдегі мекемелері үй-жаймен және Қазақстан Республикасының азаматтарын баланстағы бар ұйымдастыру техникаларынан Интернетке шығатын компьютермен қамтамасыз етеді.
7. Санақтан Интернет желісі арқылы онлайн режимде өту кезінде шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары "www.sanaq.gov.kz" сайтында тіркеуден өтулері тиіс.Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін, оларға толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде ҚР ҰЭМ СК Санақ деректерінің базасына түседі.