"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 177 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
О. Әбішев |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптарына өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2020 № 273 (Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (2 бірлік), № 21-02, 21-04
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес 1. |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау бойынша қызметін үйлестіру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 21-03
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес 1. |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы бойынша қызметін үйлестіру. Медициналық қызметтер көрсету сапасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету, үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сырттай сараптауды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 21-05
Өлшемшарттар | Талаптар |
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация); құқық (құқықтану); |
Кәсіптік | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес 1. |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мониторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыру. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жалпы басшылық. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, С-О-1 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-1, 21-24-1, 21-25-1, 21-26-1, 21-27-1, 21-28-1, 21-29-1, 21-30-1, 21-31-1, 21-32-1, 21-33-1, 21-34-1, 21-35-1, 21-36-1, 21-37-1, 21-38-1, 21-39-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе фармация және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология); және/немесе дәрігерлік емдеу ісі) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және тиімді өзара іс-қимыл жасау. Қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Реттелетін саладағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оларды ұтымды пайдалану және олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін дамыту, құжаттарды басқару бойынша жұмыстың сапасы, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (31 бірлік), №№ 21-23-2, 21-24-2, 21-25-2, 21-26-2, 21-27-2, 21-28-2, 21-29-2, 21-30-2, 21-31-2, 21-32-2, 21-33-2, 21-34-2, 21-35-2, 21-36-2, 21-37-2, 21-38-2, 21-39-2, 21-23-3, 21-24-3, 21-25-3, 21-26-3, 21-27-3, 21-28-3, 21-30-3, 21-31-3, 21-32-3, 21-33-3, 21-34-3, 21-35-3, 21-37-3, 21-39-3
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология); және/немесе дәрігерлік емдеу ісі) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау бойынша қызметін үйлестіру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемекеттік бақылауды жүзеге асыру. Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қызметкерлерді көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, құжаттаманы басқару бойынша сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-4, 21-24-4, 21-25-4, 21-26-4, 21-27-4, 21-28-4, 21-29-4, 21-30-4, 21-31-4, 21-32-4, 21-33-4, 21-34-4, 21-35-4, 21-36-4, 21-37-4, 21-38-4, 21-39-4
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сырттай сараптауды жүзеге асыру. Қызметкерлерді көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, қызметті сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-5, 21-24-5, 21-25-5, 21-26-5, 21-27-5, 21-28-5, 21-30-5, 21-31-5, 21-32-5, 21-33-5, 21-34-5, 21-35-5, 21-37-5, 21-39-5, 21-29-3, 21-36-3, 21-38-3
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналысын үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыру. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызметкерлерді көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, қызметті сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, С-О-1 санаты (1 бірлік), № 21-40-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және тиімді өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыретінің шегінде рететелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру. Көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Көліктегі департаменттің бөлімшелік басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оларды ұтымды пайдалану және олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін дамыту, құжаттарды басқару бойынша жұмыстың сапасы, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (3 бірлік), № 21-40-4, 21-40-2, 21-40-3
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология);); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе экономика) |
Кәсіптік құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау бойынша қызметін үйлестіру. Көліктегі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Көліктегі департаменттің бөлімшелік басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау. Қызметкерлерді көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, құжаттаманы басқару бойынша сапалы ұйымдастыруын, бұдан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізімі
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 637 бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелері басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 328 бұйрығы.