"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
1 және 2-бөлімдерде:
"Кәсіби құзыреттілігі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"
Кәсіби құзыреттілігі | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес 1. |
"; |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 21-05 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, С-1 санаты (1 бірлік), № 21-05
Өлшемшарттар | Талаптар |
Білімі | Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация); құқық (құқықтану); |
Кәсіптік | стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; міндетті түрде "Б" корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес 1. |
Практикалық тәжірибесі | "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Заңнамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мониторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласындағы үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыру. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша жалпы басшылық. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
"; |
"5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (34 бірлік), №№ 21-23-2, 21-24-2, 21-25-2, 21-26-2, 21-27-2, 21-28-2, 21-29-2, 21-30-2, 21-31-2, 21-32-2, 21-33-2, 21-34-2, 21-35-2, 21-36-2, 21-37-2, 21-38-2, 21-39-2, 21-23-3, 21-24-3, 21-25-3, 21-26-3, 21-27-3, 21-28-3, 21-29-3, 21-30-3, 21-31-3, 21-32-3, 21-33-3, 21-34-3, 21-35-3, 21-36-3, 21-37-3, 21-38-3, 21-39-3" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (31 бірлік), №№ 21-23-2, 21-24-2, 21-25-2, 21-26-2, 21-27-2, 21-28-2, 21-29-2, 21-30-2, 21-31-2, 21-32-2, 21-33-2, 21-34-2, 21-35-2, 21-36-2, 21-37-2, 21-38-2, 21-39-2, 21-23-3, 21-24-3, 21-25-3, 21-26-3, 21-27-3, 21-28-3, 21-30-3, 21-31-3, 21-32-3, 21-33-3, 21-34-3, 21-35-3, 21-37-3, 21-39-3";
"7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-5, 21-24-5, 21-25-5, 21-26-5, 21-27-5, 21-28-5, 21-30-5, 21-31-5, 21-32-5, 21-33-5, 21-34-5, 21-35-5, 21-37-5, 21-39-5" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары, С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 21-23-5, 21-24-5, 21-25-5, 21-26-5, 21-27-5, 21-28-5, 21-30-5, 21-31-5, 21-32-5, 21-33-5, 21-34-5, 21-35-5, 21-37-5, 21-39-5, 21-29-3, 21-36-3, 21-38-3".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Ш. Жақселековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Л.В. Бюрабекованың 2020 жылғы 30 наурыздағы № 01-21/047-вн қызметтік жазбасы.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |