"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы №1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн (бұдан әрі - Комитет) құру туралы Ережесінің 20-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Комитеттің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Комитет Төрағасының "Комитеттің орталық аппаратының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 маусымдағы № 62 н/қ бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасының қызметкерлермен жұмыс жасау бөліміне (кадр қызметі) жүктелсін.
4. Комитеттің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерін таныстыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы | Қ. Жақыпбаев |
БЕКІТІЛДІ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 9 қазандағы № 119 н/қ |
|
бұйрығымен |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Б" санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары
Ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және іс жүргізу бөлімі Бөлімнің бас сарапшысы – кеңсе меңгерушісі С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылым салалары, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжаттану мен құжаттық қамтамасыз ету). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері |
Комитеттің ведомстволық мұрағатының және кеңсенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді; Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін іс жүргізу бойынша үйлестіреді; кеңсенің және ведомстволық мұрағат қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауын, оның ішінде олардың атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді; Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу жағдайы бойынша тексерістер жүргізеді; қызметтік құжаттарды тіркеу және жолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – БП), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – ПӘ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) және басқа орталық мемлекеттік органдарының іс жүргізушілік қызметі бөлімшелерімен қарым-қатынасты жүзеге асырады; Комитеттің орталық сарапшылық комиссиясының хатшысы болып табылады; құжаттық материалдардың (сақтау мен жоюға сұрыптау) сақтау мерзімінің өтуіне немесе тәжірибелік бағалылығының жоғалуына байланысты, олардың ғылыми және тәжірибелік бағалылығының сараптамасын ұйымдастырады; |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Басқарма басшысы С-3 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері | Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комитеттің орталық аппаратында экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен есептілік мәселелері және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша басқарманың жұмысын ұйымдастыруға жеке жауапты болады, осы мәселелер бойынша аумақтық органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; Комитет басшылығымен, БП және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарымен, басқа мемлекеттік органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен байланысты қамтамасыз етеді; жоспарлы іс-шаралардың, алқа шешімдерінің, БП және Комитеттің аппараттық және жедел кеңестерінің шешімдерінің орындалуын жеке бақылауды ұйымдастырады, БП және Комитет басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің Комитет жұмысының Регламенті талаптарын орындауын қамтамасыз етеді; бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады; Төраға мен оның орынбасарларымен өткізілетін жиналыстарына қатысады; бас сарапшылары - топ басшыларының, бас сарапшылардың және Басқарманың басқа қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналастыру мәселесі бойынша ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді, Басқарманың бас сарапшылары - топ басшыларының топ қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналастыру, көтермелеу немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша ұсынымдарын (ұсыныстарын) қарайды, Басқарма қызметкерлерін аттестаттау үшін материалдар ұсынады; Комитеттің және оның аумақтық органдарында бюджет қаражатының мақсатты, уақтылы және толық игерілуін қамтамасыз етуге жауапты; Комитет басшылығының қарауына Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдарының жұмысында анықталған бұзушылықтар фактілерін жою бойынша ұсыныстар және лауазымды тұлғаларды тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізеді; қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және есептілік, әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелерін шешуге бағытталған өзге де іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады және бақылайды; Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуы мен қозғалысын, оның ішінде "ҚБпҮ" белгісі бар құжаттарға бақылауды жүзеге асырады, олардың номенклатуралық іске уақтылы қалыптастырылуын және мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді; Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады; орындаушысы болып табылатын құжаттардың сақталуына жеке жауапты болады. |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобы Бас сарапшы-топ басшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), құқық (құқықтану). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері | Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобының (бұдан әрі - топ) қызметіне басшылық жасауды, топтың жұмысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады; топ қызметкерлері арасында құжаттарды, тапсырмаларды және материалдарды бөледі; экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органдармен, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен, сондай-ақ, басқа заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаны жасауға қатысады; Комитеттің және оның аумақтық органдарының алдағы жоспарлы кезеңге арналған жиынтық бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; жобаларды қалыптастыруды, Комитеттің және оның аумақтық органдарын қаржыландыру жоспарларын бекітуді және орындауды, оларға өзгерістер енгізуді жүзеге асырады; аумақтық органдарында бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы игерілуін бақылауды жүзеге асырады; ҚБПү белгісі бар құжаттардың сақталуын жүзеге асырады; қызметтік құжаттардың сақталуы, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуы үшін жеке жауаптылықта болады; Комитеттің орталық аппаратында тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етеді; өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды уақтылы жасасуына бақылау жүргізеді; қаржылық жоспарлау саласында аумақтық органдардың қызметіне бақылау және талдау жүргізеді; жұмыс жоспарына, алқа шешімдеріне, жедел және аппараттық кеңестерге ұсынылған іс-шаралар бойынша негізделген және дәлелді ұсыныстар дайындауды және енгізуді қамтамасыз етеді; Комитет Төрағасының баяндамаларын (бөлімдерін), алқа отырысының материалдарын дайындауды жүзеге асырады; Бас Прокурор және оның орынбасаларының атына қызметтік жазбалар жазады; бағынышты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүзеге асырады; БП және Комитет регламенттері талаптарының, БП, Комитет және Басқармалар басшыларының өкімдері мен тапсырмаларының бекітілген мерзімде топ қызметкерлерімен сапалы орындалуына бақылау жүзеге асырады; топ қызметкерлерінің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін анықтайды; қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Басқарма басшысының қарауына біліктілігі мен жүктелген міндеттеріне сәйкес топ мамандарын іріктеу жөнінде ұсыныстар (ұсыныстар), сондай-ақ топ қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік және өзге де жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізеді; іс номенклатурасына сәйкес топта іс жүргізу және ұйымдастырудың дұрыстығына бақылауды қамтамасыз етеді; Комитеттің басшылығы мен Басқарма бастығының қарауына өз құзыреті шегінде топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдарының жұмысында анықталған бұзушылықтар фактілерін жою бойынша ұсыныстарды және осы бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстарды енгізеді; сеніп тапсырылған қызмет бағыттарынан туындайтын жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді және жеке жауапты болады; орындаушысы болып табылатын құжаттардың сақталуына жеке жауаптылықта болады. |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобы Топтың бас сарапшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), құқық (құқықтану). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері | "Мемлекеттiк сатып алу туралы" ҚР Заңымен қарастырылған тәсілдермен Комитетте тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстар жүргізеді; конкурстар және аукциондарды (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың, конкурстық комиссияларды құру туралы бұйрықтардың, сарапшыларды немесе сараптау комиссияларын, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін және т. б. бекіту жобаларын әзірлеу) ұйымдастыру және өткізумен байланысты жұмыстар жүргізеді; конкурстар және аукциондар ұйымдастыру және өткізуде конкурстық және аукциондық комиссиясының хатшысы функциясын атқарады; ҚР мемлекеттік сатып алудың электрондық порталында орындаушы болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты дайындауды және орналастыруды жүзеге асырады, мемлекеттік сатып алу саласындағы есептерді, талдауларды, қорытындыларды дайындауды жүзеге асырады; заң жобалары, Президент пен Үкімет, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдар, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - НҚА) бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша заң жобалары, Президент пен Үкіметтің, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді, қабылданған мемлекеттік сатып алуға қатысты НҚА бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға енгізеді; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының атына қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асырады; Комитеттің алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде, Комитеттің орталық аппараты бойынша сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қажеттілігі мен көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комитеттің аумақтық органдарына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді; орындаушысы болып табылатын келісілген шарттардың талаптарының өнім берушілердің орындауына бақылау жүргізеді; мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және БП басшылығының хаттарын (сұрауларын), тапсырмаларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуына, олардың номенклатуралық іске уақтылы тапсырылуына жеке жауапты болады; жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады. |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу тобы Топтың бас сарапшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика), құқық (құқықтану). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері |
Комитеттің және оның аумақтық органдарының алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерінің жинағын қалыптастырады; бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда Комитеттің және оның аумақтық органдарының алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін негіздеуге және қорғауға қатысады; Комитеттің және оның аумақтық органдарының міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастырады; міндеттемелер мен төлемдер бойынша Комитеттің және оның аумақтық органдарының индивидуалды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу (жылжыту) бойынша жұмысты орындайды; ағымдағы қаржы жылына арналған Комитеттің штат кестесін жасауды және оны бекітуге дайындауды, Комитеттің аумақтық органдарының ағымдағы қаржы жылына арналған штат кестелерінің жобалары бойынша ұсыныстарды тексеруді және енгізуді жүзеге асырады; алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысады, ол бойынша ұсыныстар енгізеді; Комитеттің профильді құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жаңа бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу, олар бойынша қажетті негіздемелерді, есептеулерді дайындауды жүзеге асырады; қаражаттың игерілуі туралы жедел мәліметтерді, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, қаржылық мәселелер бойынша есептер мен өзге де мәліметтерді дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асырады; экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы саласында есеп, талдау, жалпылауды дайындауды жүзеге асырады; экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері бойынша заң жобалары, Президент пен Үкіметтің, уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, Бас Прокурор, Комитет Төрағасы актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарау және енгізуге, қабылданған экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржыға қатысты НҚА бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Бас прокуратураға, уәкілетті органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді; экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері бойынша Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының атына қызметтік жазбаларды дайындауды жүзеге асырады; |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Бухгалтерлік есеп және есептілік тобы Бас сарапшы-топтың басшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері |
Бухгалтерлік есеп және есептілік тобы және шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының бухгалтерлік есеп және есептілік тобының (бұдан әрі – топ) жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; Комитеттің орталық аппаратының ғимаратын ұстау және қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; топтың қызметкерлерінің арасында құжаттар, тапсырмалар және материалдарды бөледі; топтың жұмысын ұйымдастырады, топтың Комитеттің аумақтық органдарымен бухгалтерлік есеп, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; Комитеттің орталық аппаратында және оның аумақтық органдарында бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы игерілуін бақылауды жүзеге асырады; экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық органдарында жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда тексеруді ұйымдастырады; ұсынылып отырған іс-шаралар бойынша жұмыс жоспарына, алқа шешімдеріне, жедел және аппараттық кеңестерге негізделген және дәлелді ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді және енгізеді. Комитет төрағасының баяндамаларын (бөлімдерін), алқа отырысының материалдарын, Бас Прокурордың, оның орынбасарларының атына қызметтік жазбаларды дайындайды; топ туралы ережелерді әзірлейді; топта орындаушылық тәртіпті және топ қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады; басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды, сондай-ақ топ қызметкерлерінің Комитет регламентінің талаптарын сақтауын ұйымдастырады; топ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды, Басқарма және Комитет басшылығының қарауына олардың біліктілігіне және жүктелген міндеттерге сәйкес топ мамандарын іріктеу және орналастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; басшылықтың қарауына топ қызметкерлеріне сыйақы беру және материалдық көтермелеу, сондай-ақ оларға тәртіптік және өзге де жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комитет басшылығының резолюциясына сәйкес номенклатураға және тапсырмаларды орындау мерзімдеріне, сұрақтар мен өтініштерге жауаптарға сай топ бойынша тұтастай іс жүргізуді бақылауды жүзеге асырады; топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастырады; өз құзыреті шегінде топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық органдардың жұмысында анықталған сипатты бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар тізбесін әзірлейді және басшылықтың қарауына енгізеді; топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет Төрағасы, Төрағаның орынбасарлары және Басқарма басшысы өткізетін кеңестерге қатысады; топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және оның жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; барлық мемориалдық ордерлер мен барлық бухгалтерлік шоттар бойынша айналым-сальдолық ведомостьтардың дұрыс жасалуын тексеруді жүзеге асырады; "Журнал-главная" кітабын толтырады; орталық аппарат бойынша жарты жылдық және жылдық қаржылық есепті жасайды, Комитеттің аумақтық органдарының қаржылық есептерін тексереді, белгіленген мерзімде есептердің ұсынылуына бақылау жасайды; республика бойынша жалпы жарты жылдық және жылдық есептің жиынтығын жасайды; |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Бухгалтерлік есеп және есептілік тобы Топтың бас сарапшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибе | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері |
Орталық аппараттың материалдық құндылықтары бойынша талдамалы және синтетикалық есеп жүргізеді, 1315 "отын, ЖЖМ" шоты бойынша №13 "материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомость" мемориалдық ордерін жасайды; жол парақтарының қозғалысын есепке алу журналын жүргізеді; №1 "кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомость" мемориалдық ордерді жасайды және жүргізеді; кассалық операциялардың есебін жүргізуді және кассалық есептерді жасауды жүзеге асырады; жалақыны, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын және сауықтыруға арналған жәрдемақыларды дұрыс және уақтылы есептеуді жүзеге асырады, №5 "жалақы және стипендиялар бойынша есеп айырысу ведомостарының жиынтығы" мемориалдық ордерін жасайды; №- 1Т, 2Т-ПРОФ (айлық, тоқсандық және жылдық) "еңбек бойынша есеп" нысанын талдамалы және синтетикалық есепке алуды жүргізеді; ҚР Қаржы министрлігінің "Клиент СОНО" бағдарламасы бойынша электрондық форматта әлеуметтік салық, табыс салығы және қоршаған орта салығы бойынша тоқсан сайынғы есептерді құрастырады және Сарыарқа ауданының Салық Комитетіне тапсырады; |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Бухгалтерлік есеп және есептілік тобы Топтың бас сарапшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика). |
Кәсіби біліктілігі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 ббұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері |
Комитеттің және оның аумақтық органдарының қорларының (№1310-1319, 1330, 1350 шоттары бойынша №10 "арнайы киімдерді және басқа да жеке пайдалану заттарын шығару және ауыстыру бойынша жинақтау ведомость", №13 "Материалдарды жұмсау бойынша жинақтау ведомость", №16 "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен кірістерді есептеудің жинақтау ведомость" және №18 "Өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосы" мемориалдық ордерлерін құрумен) құны аз және тез тозатын заттары бойынша қозғалыстар айналымы бойынша құжаттарды қалыптастырады, жүргізеді және тексереді; №6 "Ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомость" мемориалдық ордерін қалыптастырады және жүргізеді; |
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Бухгалтерлік есеп және есептілік тобы Топтың бас сарапшысы С-4 санаты
Критерийлер | Талаптар |
Білім | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жоғары білімі: экономика және бизнес (экономика, есепке алу және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика). |
Кәсіби құзіреттілік | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген). |
Функционалдық міндеттері |
№8 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомость" мемориалдық ордерін жасай отырып, есеп беретін тұлғалардың аванстық есептерін тексеруді жүзеге асырады; Комитеттің және оның аумақтық органдарының негізгі қаражаттар және тозу бойынша (№2310, 2320, 2321, 2322, 2330, 2340, 2350, 2360, 2370, 2380, 2382, 2383, 2391, 2600, 2610, 2620, 2710 және 2721 шоттары бойынша №9 "ұзақ мерзімді активтерді шығару және ауыстыру бойынша жинақтау ведомость", №17 "активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомость" және №21 "активтерді басқару жөніндегі шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомость" мемориалдық ордерлерін мемориалдық ордерін құрумен бірге активтерді басқару бойынша") қозғалыс айналымы бойынша құжаттарды қалыптастырады, жүргізеді және тексереді; Комитеттің орталық аппаратының балансынан №9 "Ұзақ мерзімді активтерді шығару және ауыстыру бойынша жинақтау ведомость" мемориалдық ордерін жасай отырып, ұзақ мерзімді активтерді есептен шығаруға құжаттар дайындайды, құжаттарды тексереді және аумақтық органдардың ұзақ мерзімді активтерін есептен шығару бойынша ұсыныстар енгізеді; материалдық-жауапты тұлғалармен, олардың жауапты сақтауында тұрған материалдық құндылықтардың сақталуы мәселесі бойынша шарт жасасады; |