"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 108/НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 77 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін әзірлеу;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) проактивті көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды көрсету тәртібін әзірлеу;

      18-2) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тексеру қағидаларын әзірлеу;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіру;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) электрондық түрде және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";

      35) тармақша алып тасталсын;

      36) және 37) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      37) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 октября 2019 года № 288/НҚ "Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения "Комитет государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 20 марта 2020 года № 108/НҚ.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2020 года № 77 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 октября 2019 года № 288/НҚ "Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения "Комитет государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении республиканского государственного учреждения "Комитет государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      в пункте 14:

      подпункты 8) и 9) изложить в следующей редакции:

      "8) разработка правил регистрации и подключения абонентского номера абонента, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи веб-портала "электронного правительства" для получения государственных и иных услуг в электронной форме посредством абонентского устройства сотовой связи;

      9) разработка перечня государственных и иных услуг в электронной форме, оказываемых посредством веб-портала "электронного правительства" и абонентского устройства сотовой связи;";

      подпункт 11) изложить в следующей редакции:

      "11) разработка обязательных реквизитов результатов оказания государственных и иных услуг в электронной форме, полученных посредством абонентского устройства сотовой связи, а также порядка проверки их достоверности;";

      подпункт 17) изложить в следующей редакции:

      "17) разработка правил проведения аккредитации удостоверяющих центров;";

      дополнить подпунктами 18-1) и 18-2) следующего содержания:

      "18-1) разработка перечня проактивных услуг и порядка их оказания;

      18-2) разработка правил проверок работников Государственной корпорации, имеющих доступ к персональным данным граждан, а также участвующих в процессе оказания государственных услуг;";

      подпункт 23) изложить в следующей редакции:

      "23) разработка перечня государственных услуг, оказываемых по принципу "одного заявления";

      дополнить подпункт 23-1) следующего содержания:

      "23-1) координация деятельности центральных государственных органов, местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимов районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов по вопросам оптимизации процессов оказания государственных услуг;";

      подпункт 24) изложить в следующей редакции:

      "24) разработка предложений по совершенствованию подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг, оказываемых в электронной форме и (или) через Государственную корпорацию "Правительство для граждан";";

      подпункт 35) исключить;

      подпункты 36) и 37) изложить в следующей редакции:

      "36) осуществление согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;

      37) проведение мониторинга деятельности центральных государственных органов по разработке подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;";

      подпункт 40) изложить в следующей редакции:

      "40) разработка предложений по совершенствованию подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;".

      2. Комитет государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня утверждения настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
А. Жумагалиев