"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 77 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 248-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      1) тармақшада:

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту;";

      жүз отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;";

      жүз сексен алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;";

      жүз сексен жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту;";

      жүз сексен тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;";

      екі жүз бесінші абзац алып тасталсын;

      екі жүз он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту;";

      екі жүз он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;";

      екі жүз он екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "проактивті көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды көрсету тәртібін бекіту;";

      екі жүз он төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тексеру қағидаларын бекіту;";

      екі жүз он жетінші абзац алып тасталсын;

      екі жүз жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту;";

      екі жүз жиырма төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы екі жүз жиырма бесінші – екі жүз отызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "бюджет қаражаты есебінен орындалатын аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың сметалық нормаларын, құнын, бағаларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды бекіту;

      бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін бекіту;

      бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту;

      Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту;

      салалық көтермелеу жүйесін бекіту;";

      2) тармақшада:

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;";

      жүз жетінші және жүз тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;

      жүз жиырма үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жүз жиырма төртінші – жүз отызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік геодезиялық желіні құру және дамыту;

      бюджет қаражаты есебінен орындалатын аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың сметалық нормаларын, құнын, бағаларын әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды әзірлеу;

      бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін әзірлеу;

      бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;

      Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу;

      салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу;";

      жүз отыз бірінші, жүз отыз екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;

      "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу;";

      жүз отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін әзірлеу;";

      жүз отыз тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;";

      жүз қырқыншы абзац алып тасталсын;

      жүз қырық бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "проактивті көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды көрсету тәртібін әзірлеу;

      азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тексеру қағидаларын әзірлеу;";

      жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін әзірлеу;";

      жүз қырық алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіру;";

      жүз қырық жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      электрондық түрде және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";

      жүз елу жетінші абзац алып тасталсын;

      жүз елу сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;";

      жүз елу тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;";

      жүз алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;".

      2. Осы қаулы оның 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма тоғызыншы, отыз екінші, отыз үшінші, қырық бірінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады