Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 30.12.2022 № 664-қа (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығының 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 18-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі "Оңтүстік" өңірлік басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;
4) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алынып тасталуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықпен Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |
Төрағасының орынбасары – | |
Шекара қызметінің директоры | |
генерал-майор | Д. Ділманов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 243-қа бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Шекара қызметінің департаменті) Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тәртіпті ұстап тұру мақсатында құрлықта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел органы және аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Шекара қызметінің департаменті өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының бұйрықтарын, осы ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Шекара қызметінің департаменті мемлекеттік тілде нақты және шартты атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында есепшоттары бар республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады.
4. Шекара қызметінің департаменті азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түседі.
5. Шекара қызметінің департаменті, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Шекара қызметінің департаменті өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шекара қызметінің департаменті бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Шекара қызметі департаментінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды мекен-жайы: 160005, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қуаныш Төлеметов көшесі, 22.
9. Толық атауы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Шекара қызметі департаментінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Шекара қызметінің департаментіне кәсіпкерлік субъектілерімен Шекара қызметі департаментінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Шекара қызметінің департаментіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Шекара қызметі департаментінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Түркістан облысы шегінде Шекара қызметі департаментінің негізгі міндеттері:
1) Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан және үкіметаралық келісімдерінен туындайтын міндеттемелерді орындау;
2) Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеу, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың, ұйымдар мен азаматтардың күштері мен құралдарын тарту;
4) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің міндеттерін шешуге қатысу;
5) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;
6) шекаралық кеңістікте және Мемлекеттік шекара арқылы барлау-нұқсан келтіру сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау, алдын алу мен жолын кесу;
7) Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді қамтамасыз ету;
8) шекаралық аймақта белгіленген режимдердің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;
9) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын сақтауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына жәрдем көрсету;
10) құрылымдық бөлімшелердің инженерлік-техникалық қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық жабдықталуын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және өзінің құзіреті шегінде Шекара қызметінің департаменті Түркістан облысында төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан және үкіметаралық келісімдерінен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді;
2) шекара саясатын іске асырады;
3) әр түрлі жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірлікке өтуге Шекара қызметі департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді;
4) жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті атқаруды ұйымдастырады;
5) құрылымдық бөлімшелердегі жауынгерлік даярлық сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар өткізеді;
6) манандарға сыныптық біліктілікті береді, төмендетеді немесе растайды;
7) Мемлекеттік шекараны күзетуге мамандарды даярлау және қолдану әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қатысады;
8) белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
9) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылына басшылықты жүзеге асырады және келісімділігін қамтамасыз етеді, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
10) Мемлекеттік шекарада тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу мен орындауға қатысады;
11) ұйымдастыру-штаттық ұсынысты белгіленген тәртіппен еңгізеді;
12) Шекара қызметі департаментінің тәрбиелік, идеологиялық (патриоттық) және кадрлық жұмыстарды жүзеге асырады;
13) әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықты алдын алу, әскери ұжымдарды шоғырландыру, әскери қызметтің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
14) Шекара қызметі департаментінің кадрлары құрамымен әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады және әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
15) кадрларды орналастыруды және әскери атақтарды беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорының қарауына номенклатураға сәйкес лауазымға тағайындау және әскери атақ беру бойынша ұсыныстар енгізеді;
16) Шекара қызметінің департаментін жеке құраммен жабдықтауды және жұмысшыларды қабылдауды ұйымдастырады;
17) кадрлардың кәсіби даярлығын ұйымдастырады және оның жүргізілу сапасына бақылауды жүзеге асырады
18) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелерін пәтерге орналастыруды қоса алғанда, жоспарлауды және жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық, медициналық және басқа да қамтамасыз ету түрлерін жүзеге асырады;
19) бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді;
20) Шекара қызметі департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері объектілерінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлейді және қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Құқықтары мен міндеттері.
Шекара қызметінің департаменті өз құзіреті шегінде:
1) Мемлекеттік шекарадан өтуді өзгертудің, Қазақстан Республикасының аумағын игерудің кез келген әрекеттерінің жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы өкімді әзірлеуге;
3) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз етудің мақсаттарына жету үшін жағдайларын жасауға, қолдауға және дамытуға;
4) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында қарсыбарлау, барлау, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолдануға;
6) өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғанысы бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай режимдерін қамтамасыз етуге қатысуға;
7) Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кіруге тойтарыс беруге, Мемлекеттік шекарада қарумен жасалатын және өзге де арандатушылықтардың жолын кесуге, халықты, мемлекеттік және жеке меншікті аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға;
8) адамдардың және көлік құралдарының белгіленген өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан тыс жерде Мемлекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ өткізу пункттерінде немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алуға және жолын кесуге, Мемлекеттік шекараны бұзушыларды және шекаралық кеңістікте өзге де құқық бұзушыларды анықтауға және ұстауға;
9) тиісінше ресімделген құжаттар болған кезде және белгіленген бақылау түрлерінен өткен кезде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
10) төмендегі мәселелер бойынша Мемлекеттік шекара режимінің сақталуын қамтамасыз етуге:
Мемлекеттік шекараны күтіп ұстау;
Мемлекеттік шекараны кесіп өту;
Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;
шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды жүргізу;
шекарадағы тосын оқиғаларды шешу.
Төмендегі мәселе бойынша өткізу пункттері режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;
өткізу пункттеріне кіру, онда уақытша болу, жүріп-тұру және шығу, олардың шінде адамдарды, көлік құралдарын, кіргізу, болу, ауыстыру, жүктер мен тауарларды шығару тәртібі;
төмендегі мәселе бойынша шекара режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;
шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің тәртібі;
11) шекаралық режимнің, аумақтық сулар (теңіз), ішкі сулар режимінің, континеттік қайраң режимінің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауға, шекаралық аймаққа кіретін орындарда бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыруға;
12) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыруға;
13) Мемлекеттiк шекара арқылы жүретін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға, мұндай құжаттарды уақытша алып қоюға, сондай-ақ жарамсыз құжаттарды алып қоюға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ айыппұл салу туралы сот шешімдерін және уәкілетті органдардың қаулыларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде орындамаған шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кіруін шектеуге;
15) шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезеңде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге де адамдардың жеке басы анықталғанға дейiн оларды өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда қалдыра отырып, өткізбеуге;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдарды ұстауды және жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
17) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзуға жол берген көлік құралдарын тоқтатуға, қарап тексеруге және ұстауға, құқық бұзушылық мән-жайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшелерінің қарауына жеткізуге (айдауылмен жеткізуге);
18) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті, есірткі заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді, өзге де жүктер мен тауарларды, сондай-ақ контрабандалық жолмен өткізілетін жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп ұстауға және алып қоюға;
19) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарына жәрдем көрсетуге;
20) шекаралық кеңістікте байланыс және коммуникациялар желісін сақтауды қамтамасыз етуге;
21) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасына сәйкес Шекара қызметінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша хаттамалар жасауға және іс жүргізуге;
22) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Шекара қызметінің қарауына жатқызылған істер бойынша анықтау жүргізуге;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Шекара қызметінің департаменті жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді салуға және орнатуға;
2) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекара режимін белгілеу мақсатында қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлеуге қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің шекаралық органдарымен Мемлекеттік шекараны қорғауда өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
4) құрылымдық бөлімшелердің шекара өкілдері қызметіне басшылықты жүзеге асыруға;
5) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін қозғайтын қызметті жүзеге асыратын өз күштері мен уәкілетті тұлғалардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруға;
6) өзінің құзіреті шегінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға шекаралық кеңістікте құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды енгізуге;
7) кез келген жергілікті жер учаскелерінде, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарда және табиғат қорғау аймақтарында болуға (шекаралық нарядтарды орналастыруға), сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде олар арқылы жүріп-тұруға, жер учаскелерінің меншік иелерінен (жалға алушылардан) шекаралық нарядтардың жүріп-тұруына арналған орындарды бөлуді, қоршалымдар арқылы өтетін немесе өзге де кедергілер арқылы өтетін жерлерді жабдықтауды және тиісті түрде күтіп-ұстауды талап етуге;
8) Шекара қызметі департаменті жауапты белдеуінде байланыс және коммуникация желілерін пайдалануға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;
9) міндеттерді орындау үшін уәкілетті органдардан, ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты сұратуға және өтеусіз алуға;
10) Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы міндеттерді шешуге азаматтарды ерікті жасақтар құрамында, Шекара қызметінің штаттан тыс қызметкерлері ретінде және өзге де нысандарда ерікті негізде тартуға, Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде көзге түскен азаматтарды көтермелеуге және қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды арнаулы әскери оқу орындарына түсу үшін ұсыным жасауға;
11) Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысуға, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге, құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздестіру туралы халықты хабарландыру үшін және өзге де мақсаттарда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
12) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдануға;
13) шекаралық кеңістікте жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы мәлімдемелерді немесе хабарламаларды қарауға, оларды тіркеуге және олар бойынша тиісті шаралар қолдануға;
14) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
15) Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижедерін енгізуді қамтамасыз етуге;
16) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім нысаны мен жарақтарды айқындауға;
17) мемлекеттік бақылау органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
18) көлік құралдарымен ілесіп жүруге және оларда шекаралық нарядтарды орналастыруға;
19) құқық бұзушылардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларына, ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына кедергісіз (қажет болғанда жабатын құрылғыларды істен шығара отырып) тәуліктің кез келген уақытында кіруге, сондай-ақ (жиырма төрт сағат ішінде тиісті прокурорды кейіннен хабардар ете отырып) оларды қарап тексеруге;
20) шекаралық іздеулер мен операцияларды, өзге де іздестіру іс-әрекеттерін жүргізу кезінде бақылау бекеттерін өз бетінше орнатуға, адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне жібермеуге, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында олардың сонда қалуын немесе осы учаскелерді тастап шығуын міндеттеуге;
21) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төнген кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өзге де уәкілетті органдарын хабардар ете отырып, қорғаныс мақсатындағы жұмыстарды, халықаралық міндеттемелерді орындау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындаған салдарларды жоюға байланысты жұмыстарды қоспағанда, шекаралық белдеуде әртүрлі жұмыстарды жүргізуді уақытша шектеуге;
22) қызметтік мақсаттарда коммуникация және байланыс құралдарын, ал Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге тойтарыс берген, Мемлекеттік шекарадағы заңсыз жаппай өтуге және өзге де арандатуларға кедергі келтірген, іздестіру іс-шараларын жүргізген, құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген адамдарды жеткізген кезде, ұйымдардың көлік құралдарын, ал қажет болған жағдайларда – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен иелерінің талаптары бойынша кейіннен оларға шығындарды не келтірілген залалды өтей отырып, азаматтардың көлік құралдарын пайдалануға;
23) азаматтардан Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті сақтауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, бұл талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиісті шараларды қолдануға;
24) шекаралық кеңістікте белгіленген режимді бұзушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әкімшілік ұстауға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларында ұстауға;
25) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес әкімшілік ұстауға алынған адамдарды тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында және ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастыруға;
26) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзудың өздеріне белгілі болған мән-жайлары туралы түсініктемелер алу мақсатында адамдарды құрылымдық бөлімшелеріне шақыруға;
27) өткізу пункттерінің балансында тұрған инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеуіштерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
28) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты немесе қолмен тексеру режимінде радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
29) құрамында радиоактивті заттар бар инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар немесе иондаушы сәуле өндірілетін радиоактивті заттармен, аспаптармен немесе аппаратурамен жұмыс істеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарында радиациялық қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыруға;
30) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3-тарау. Шекара қызметі департаментінің қызметін ұйымдастыру
16. Шекара қызметі Департаментінің бастығы Шекара қызметі департаментінің қызметіне басшылық жасайды және Шекара қызметінің департаментіне жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді;
17. Шекара қызметі департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Шекара қызметі департаменті бастығының орынбасарлары болады, оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Шекара қызметі департаменті бастығының өкілеттілігі:
1) белгіленген тәртіппен Шекара қызметі департаментінің барлық жеке құрамының міндетті орындаулары үшін бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
2) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекіту;
3) Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілерінің және құрылымдық бөлімшелердің басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
4) Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен сондай-ақ шет мемлекеттердің органдарымен өзара қарым-қатынаста Шекара қызметі департаментінің атынан өкілдік етуге, сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Шекара қызметі департаментінің мүддесін білдіруге сенімхаттарға, шарттарға, келісімшарттарға қол қою;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекарада, шекара кеңістігінде немесе шекаралық белдеуінде жүзеге асырылатын іс-қимылдарды шектеу немесе тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдау;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру және орындарын ауыстыру, сондай-ақ оның құрылымдары мен штаттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) өзінің құзіреті шегінде Шекара қызметінің департаментіне әскери қызметшілерді әскери қызметке қабылдау және әскери қызметтен шығару, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
8) Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен жұмысшыларын көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазаларды қолдану, сондай-ақ номенклатураға сәйкес әскери атақ беру мәселелерін белгіленген тәртіппен шешу;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына белгіленген тәртіппен әскери атақ берілетін кандидаттар, Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен жұмысшыларын, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны күзетуге қатысатын адамдарды ведомстволық наградалармен наградтау бойынша ұсыныстар енгізу;
10) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жедел-қызметтік, жауынгерлік, әскери-техникалық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық іс жүргізу, шекаралық өкілдік және өзге де іс-қимылдарына тексеруді жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Шекара қызметі департаменті бастығы болмаған жағдайда, оның өкілеттігін орындауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
20. Шекара қызметі департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттігін айқындайды.
4-тарау. Шекара қызметі департаментінің мүлкі
21. Шекара қызметінің департаменті заңнамаларда көзделген жағдайда сәйкес жедел басқару құқығында оқшауланған мүліктерге ие болуы мүмкін.
22. Шекара қызметі департаментінің мүлікі оның меншігіне берілген мүліктер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған жеке қызметі нәтижесінде және өзге де көздерден алынған мүліктерден (ақшалай кірістерді қосқанда) құралады.
Шекара қызметінің департаментіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Шекара қызметінің департаменті өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Шекара қызметінің департаментін қайта құру және тарату
24. Шекара қызметінің департаментін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Шекара қызметінің департаменті әскери басқарудың тактикалық органдары болып табылатын, басқармалардан, шекара басқармаларынан, шекаралық бақылау басқармасынан, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби және техникалық дайындық бөлімдерінен (бөлімшелерінен), шекара бөлімдерінен (бөлімшелерінен), шекаралық бақылау бөлімдерінен (бөлімшелерінен), арнайы мақсаттағы мобильді іс – қимыл жасайтын топтардан, бөлімдерден (бөлімшелерден), бөлімдерден (бөлімшелерден), катерлерден және өзге де бөлімшелерден тұрады.
Шекара қызметі департаментінің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің тізімі:
1) Шекара қызметі департаментінің Мақтарал ауданы бойынша Шекара басқармасы, табылатын орны (орналасқан жері) – 160547, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Бейбітшілік көшесі, № 300;
2) Шекара қызметі департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша Шекара басқармасы, табылатын орны (орналасқан жері)– 160900, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Т. Турсынкулов көшесі, № 21/а;
3) Шекара қызметі департаментінің Төле би ауданы бойынша Шекара басқармасы, табылатын орны (орналасқан жері) – 160008, Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі, № 114/1;
4) Шекара қызметі департаментінің Инженерлік – техникалық қамтамасыз ету бөлімі, табылатын орны (орналасқан жері) – 160901, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Т. Тұрсынқұлов көшесі, № 21/а.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 243-қа бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының күші жойылды деп танылуға тиіс кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2020 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 590-қа бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2024 "А" әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі Директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 585-қа бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2041 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 586-қа бұйрығы.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2037 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 588-қа бұйрығы.
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "9824 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 584-қа бұйрығы.
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Оңтүстік" Өңірлік басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 583-қа бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 243-қа бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғалардың Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алынып тасталуы тиіс тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2020 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 000240007063.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2024 "А" әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 081040019087.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2041 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 081040000541.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2037 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 070840002215.
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "9824 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 990640000937.