Шу ауданының Шу қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламентін бекіту туралы

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы № 16-2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 65 бұйрығына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шу ауданының Шу қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шу ауданының Шу қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралу" Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 29-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3898 болып тіркелген, 2018 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Маслихат хатшысы Ж. Әбенов

  Шу аудандық мәслихатының
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 16-2 шешіміне қосымша

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шу ауданының Шу қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 65 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 маусымда № 23187 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округәкімдірінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Шу қаласы және ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

      4. Жиналыс Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Шу қаласы және ауылдық округ әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Шу қаласы және ауылдық округ әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      5. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округдер Әкімінің аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.

      6. Жиналысты шақыру алдында Шу қаласы және ауылдық округ әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін ауылдық округ әкімі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      7. Жиналысты шақыруды Шу қаласы және ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      8. Жиналыстың күн тәртібін Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппараты, жиналыс мүшелері, Шу қаласы және ауылдық округ әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      9. Жиналысқа олардың мәселелері қаралатын жағдайда Шу аудандық мәслихатының депутаттары, Шу ауданының әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ, жиналысқа бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі қамтылған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Шу аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

      12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Шу қаласы және ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Шу аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

      13. Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппараты Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

      14. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және Шу қаласы және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      15. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді Шу қаласы, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе немесе аудан әкімдігінің ресми сайты, интернет ресурстар арқылы таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      16. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      17. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Шу ауданының әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Шу ауданының әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Шу и сельских округов Шуского района

Решение Шуского районного маслихата Жамбылской области от 17 ноября 2021 года № 16-2

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 июня 2021 года № 65 "О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" Шуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить регламент собрания местного сообщества города Шу и сельских округов Шуского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Шуского районного маслихата от 21 июня 2018 года "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Шу и сельских округов Шуского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3898, опубликовано 27 июля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативно правовых актов Республики Казакстан).

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике, финансов, бюджету, налогу, развитию местного самоуправления, природопользованию, промышленности, строительства, транспорта, связи, сельского хозяйства и предпринимательства и рассмотрению проектов договоров по закупу земельных участков и прочего недвижимого имущества.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Ж. Әбенов

  Приложение к решению
Шуского районного маслихата
от 17 ноября 2021 года № 16-2

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества города Шу и сельских округов Шуского района (далее - Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 июня 2021 года № 65 "О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2021 года № 23187).

      2. Основные понятия, которые используются в настоящем регламенте:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) собрание местного сообщества (далее – собрание) – участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3) вопросы местного значения - вопросы деятельности области, района, города, района в городе, сельского округа, поселка и села, не входящего в состав сельского округа, регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан связано с обеспечением прав и законных интересов большинства жителей соответствующей административно-территориальной единицы;

      4) местное самоуправление – деятельность, осуществляемая населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления, направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность, в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами;

      5) член собрания местного сообщества – представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок проведения созыва собрания местного сообщества

      3. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города Шу, села и сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений акимов города Шу, села и сельского округа по управлению коммунальной собственностью местного самоуправления;

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города Шу, села и сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества города Шу, села и сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом Шуского района кандидатур на должность акима города Шу, села и сельского округа для дальнейшего внесения в соответствующую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима города Шу, села и сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      4. Собрание может созываться акимом города Шу, села и сельского округа самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания), но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются акиму города Шу, села и сельского округа с указанием повестки дня.

      Аким города Шу, села и сельского округа в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.

      5. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.

      6. Перед началом созыва собрания аппаратом акима города Шу, села и сельского округа проводится регистрация присутствующих членов собрания, ее результаты оглашаются акимом города Шу, села и сельского округа или уполномоченным им лицом перед началом созыва собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.

      Созыв собрания считается состоявшимся при участии в нем не менее половины членов собрания.

      7. Созыв собрания открывается акимом города Шу, села и сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются председатель и секретарь собрания.

      8. Повестка дня собрания формируется аппаратом акима города Шу, села и сельского округа на основе предложений, вносимых членами собрания, акимом сельского округа.

      В повестку дня включаются вопросы о ходе и (или) исполнения решений, принятых на предыдущих созывах собрании.

      Повестка дня созыва собрания может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.

      Повестка дня созыва собрания утверждается собранием.

      Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.

      9. На созыв собрания могут приглашаться депутаты Шуского районного маслихата, представители аппарата акима Шуского района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.

      10. Регламент выступлений на созывах собрании для докладов, содокладов, выступлений в прениях и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В случае если выступающий превысил отведенное время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает время для выступления.

      Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы докладчикам задаются в письменном или устном виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.

      Председатель собрания может объявлять перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.

      В конце собрания отводится время для выступления членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.

Глава 3. Порядок принятия решений собранием местного сообщества

      11. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму города Шу и сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города Шу, села и сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города Шу, села и сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в Шуский районный маслихат.

      12. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом города Шу, села и сельского округа в срок не более пяти рабочих дней.

      Акимы вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима города Шу и сельского округа, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании Шуского районного маслихата.

      13. Результаты рассмотрения акимом города Шу и сельского округа решений собрания доводятся аппаратом акима города Шу, села и сельского округа до членов собрания в течение пяти рабочих дней.

      14. Органы местного государственного управления и самоуправления, должностные лица в пределах полномочий обеспечивают исполнение решений, принятых на созыве собрании и одобренных акимом города Шу, села и сельского округа.

      15. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима города Шу, села и сельского округа через средства массовой информации или через официальный сайт акимата района, через интернет ресурсы.

Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества

      16. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      17. В случае неисполнения или некачественного исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем собрания направляется акиму Шуского района или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности должностных лиц перед акимом Шуского района или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.