Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.10.2021 № 8/74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3252 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген "Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы" Ереженің 13-тармағының үшінші бөлігі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Қосымша бетшенің айқара ашылатын бетінің сол жағына ұлттық оюмен өрнектелген Қарақия ауданының рәмізі орналасады.", орыс тілінде мәтіні өзгермейді.
2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. Қалаубай |