Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Ескерту. 2- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.05.2023 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Қарақия аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Р.Ибраева) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Бекова |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | А.Мееров |
Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/75 шешіміне қосымша |
Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 11.01.2021 № 47/472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1 тарау. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Құрмет грамотасымен ауданның экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар марапатталады.
3. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:
1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;
4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.
2 тарау. Қарақия ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі
4. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныстар еңбек, шығармашылық ұжымдарымен, ауданның өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.
5. Марапаттау бетшесінде марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, оның сол саладағы және ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер жазылады. Марапаттау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысымен қол қойылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі. Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің және Қарақия ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларының марапаттау бетшесіне аудан әкімімен қол қойылады.
6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының марапаттау бетшесі мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
Ескерту. 6- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.05.2023 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Егер ұсынылған кандидат немесе марапаттау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, осы ұсыныс аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға енгізілмейді.
8. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Қарақия аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
9. Құрмет грамотасымен қайталап марапаттау жүргізілмейді.
Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
10. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім кадр қызметімен марапатталушының еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.
11. Марапаттау туралы мәліметтер Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының марапаттау мәселесі жөніндегі маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
12. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.
Ескерту. 12- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 04.07.2023 № 5/35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3 тарау. Қарақия ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы
13. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.
Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымша бетшенің айқара ашылатын бетінің сол жағына ұлттық оюмен өрнектелген Қарақия ауданының символы орналасады.
Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.
Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.
Ескерту. 13 тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.08.2021 № 7/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 11/115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 03.05.2023 № 2/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соңқолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.