"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 31 желтоқсандағы | |
№ 615 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, өңірді цифрландыру және архив ісін жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
1) "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қостанай облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
2) Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының "Қостанай облысы әкімдігінің ахуалдық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.11.2023 № 481 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Басқарманың, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-үй.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 23.06.2023 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) байланыс, ақпараттандыру, дербес деректерді, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) Қостанай облысының аумағында архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 24.12.2024 № 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың, соның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
15. Функциялары:
1) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарайды және тиісті шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
6) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;
7) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
9) үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органмен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен байланыс құрылыстарын, байланыс желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
10) байланыс қызметтерін ұсыну сапасы мәселесі бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
11) "SmartCity", ақпараттандыру және цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
12) Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін толықтыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
13) "Ашық үкімет" порталында ашық деректерді өзектендіру және орналастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
14) облыс әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15) ақпараттандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады, консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
16) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді;
17) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;
18) облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың цифрландыру мәселелерінде өзара іс-қимылын үйлестіреді;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
20) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің реинжинирингін жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
21) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында пилоттық жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі және мониторинг жүргізеді;
22) облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне ұсынады;
23) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтамау фактілерін жою бойынша ұсынымдарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органдарының орындауы бойынша мониторингті жүзеге асырады;
24) ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізеді;
25) коммуналдық меншіктегі тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;
26) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама ұйымдастырады;
27) облыстың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;
28) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыруды реттейді;
29) Ұлттық архив қорын толықтыру көздері – облыс аумағында орналасқан ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
30) сараптамалық-тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастырады;
31) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды үйлестіреді және облыс тарихы жөніндегі архив құжаттарын жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;
32) облыстың архив мекемелерінің желісін бекітеді;
33) жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларының орындалуын ұйымдастырады;
34) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 24.12.2024 № 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.11.2023 № 481 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметкерлерін, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшысына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 15.11.2023 № 481 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.