Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 615 "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 508 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 615 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      13 және 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мақсаттары:

      1) байланыс, ақпараттандыру, дербес деректерді, электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      4) Қостанай облысының аумағында архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.";

      "15. Функциялары:

      1) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      4) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарайды және тиісті шешім қабылдайды;

      5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды;

      6) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етеді;

      7) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады;

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органмен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасының әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен байланыс құрылыстарын, байланыс желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

      10) байланыс қызметтерін ұсыну сапасы мәселесі бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;

      11) "SmartCity", ақпараттандыру және цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      12) Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін толықтыру, олардың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;

      13) "Ашық үкімет" порталында ашық деректерді өзектендіру және орналастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      14) облыс әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      15) ақпараттандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады, консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетеді;

      16) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді;

      17) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

      18) облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың цифрландыру мәселелерінде өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      20) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің реинжинирингін жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

      21) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында пилоттық жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі және мониторинг жүргізеді;

      22) облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне ұсынады;

      23) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингтеу барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтамау фактілерін жою бойынша ұсынымдарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органдарының орындауы бойынша мониторингті жүзеге асырады;

      24) ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізеді;

      25) коммуналдық меншіктегі тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      26) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама ұйымдастырады;

      27) облыстың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;

      28) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыруды реттейді;

      29) Ұлттық архив қорын толықтыру көздері – облыс аумағында орналасқан ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

      30) сараптамалық-тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастырады;

      31) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды үйлестіреді және облыс тарихы жөніндегі архив құжаттарын жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;

      32) облыстың архив мекемелерінің желісін бекітеді;

      33) жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуларының орындалуын ұйымдастырады;

      34) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады