Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауданы ауылдарының, кентінің, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Теменов |
Әулиекөл | |
ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 8 қарашадағы | |
№ 176 қаулысына | |
қосымша |
Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ауылдарының, кентінің, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және ауылдарының, кентінің, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі - ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұр.
4-тарау. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) аудандық әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес (жалақыны қоспағанда) жоспарланған кезеңде тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2) аудандық бюджетінің ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алып тасталады және ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолютті сомалармен қосылады.
7. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;
Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;
К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде мемлекеттік қызмет көрсету құнының әртүрлілігін негіздейтін, объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердегі халқы санының болжамы;
Халі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Халі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ;
– бір ауылдық округтің халқының орташа санының болжамы;
Халi – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;
– функционалдық кіші топ бойынша (барлық ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттігін ескереді;
5) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті өңір халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
8) жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті:
мұнда:
– і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
11. Келесі екі жылдардағы ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
5-тарау. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.
Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.
Аудандық бюджеті мен ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
6-тарау. Ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарының болжамды көлемін есептеу
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық ара қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдарының, кентінің, ауылдық округтер бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:
БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұндағы:
БДБШі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і- ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің кірістерінің болжамды көлемдері;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы қалалық бюджет пен ауылдарының, кентінің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін қалалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Ауылдарының, | |
кентінің, ауылдық | |
округтер бюджеттерінің | |
кірістері мен шығындарының | |
болжамды көлемін | |
есептеу тәртібіне | |
қосымшасы |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
Функционалдық кіші топтардың атауы | Көрсеткіштер | Коэффициенттер |
1 | 2 | 3 |
1. Жалпы сипаттағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер | ||
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа да органдар | Тұрақты халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылытумаусымының ұзақтығын есепк еалу |
6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру | ||
Әлеуметтік көмек | Тұрақты халық саны | қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | ||
Тұрғын үй шаруашылығы | Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) | урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Коммуналдық шаруашылық | Тұрақты халық саны | урбандалу; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Елді мекендерді көркейту | тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | ||
Мәдениет саласындағы қызмет | Тұрақты халық саны | урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Спорт | урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу | |
12. Көлік және коммуникация | ||
Автомобиль көлігі | Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр) | урбандалу; жолдарды күтіп-ұстау; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
13. Басқалар | ||
Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау | Шағын және орта бизнестің үлесі аймақтың жалпы өңірлік өнімі | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |
Басқалар | Тұрақты халық саны | жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |