"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 39-Ө бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 4-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 06.10.2023 № 4-Ө бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы №8-П бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылысжайларының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге арналған су пайдалану лимиттерін белгілейді;";

      15-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;";

      15-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;";

      15-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) жер үсті су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Министрлікке Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;";

      20-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Министрлікің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары орынбасарларын лауазымға (конкурстық рәсімдер өткізуді қоса алғанда) тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4-2) аумақтық бөлімшелердің басшылары орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";

      20-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;

      8-2) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;";

      20-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарды қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;";

      20-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеумәселелерін шешеді, тәртіптік жаза қолданады;";

      20-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мырзағалиев

О внесении изменений и дополнений в приказ Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 августа 2019 года № 8-П "Об утверждении Положения о Комитете по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан"

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 23 февраля 2021 года № 39-Ө. Отменен приказом Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 6 октября 2023 года № 4-Ө.

      Сноска. Отменен приказом Министра водных ресурсов и ирригации РК от 06.10.2023 № 4-Ө.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 1 августа 2019 года №8-П "Об утверждении Положения о Комитете по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Комитете по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 15 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) осуществляет контроль за соблюдением собственниками режима работы водохозяйственных сооружений, а также требований, установленных нормативными правовыми актами в области безопасности плотин;";

      пункт 15 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:

      "2-1) устанавливает лимиты водопользования в разрезе бассейнов и областей городов республиканского значения, столицы на десятилетний период;";

      подпункт 14) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "14) согласовывает удельные нормы водопотребления и водоотведения;";

      подпункт 21) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "21) согласовывает проектную документацию по установлению водоохранных зон, защитных полос водных объектов, зон санитарной охраны источников питьевого водоснабжения;";

      подпункт 28) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "28) разрабатывает и утверждает по согласованию с уполномоченным органом в области охраны окружающей среды для поверхностных водных объектов стандарты качества воды в них на основе единой системы классификации качества воды в водных объектах;";

      подпункт 2) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "2) представляет в Министерство предложения по структуре и штатной численности Комитета, и его территориальных подразделений;"

      подпункт 4) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "4) назначает на должности и освобождает от должностей руководителей подведомственных организаций по согласованию с Министерством;";

      пункт 20 дополнить подпунктами 4-1) и 4-2) следующего содержания:

      "4-1) назначает на должности и освобождает от должностей заместителей руководителей подведомственных организаций (включая проведение конкрусных процедур);

      4-2) назначает на должности и освобождает от должностей заместителей руководителей территориальных подразделений;";

      подпункт 6) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "6) вносит предложения в Министерство о привлечении к дисциплинарной ответственности руководителей территориальных подразделений;";

      пункт 20 дополнить подпунктами 8-1) и 8-2) следующего содержания:

      "8-1) организует мероприятия и несет персональную ответственность за принятие мер по противодействию коррупции в Комитете, территориальных подразделениях и подведомственных организациях Комитета;

      8-2) осуществляет общее руководство финансово-хозяйственной деятельности и проведения государственных закупок в Комитете;";

      подпункт 11) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "11) решает вопросы командирования (за исключением командировки заграницу), оказание материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышение квалификации, поощрения, выплаты надбавок руководителям территориальных подразделений;";

      пункт 20 дополнить подпунктом 11-1) изложить в следующей редакции:

      "11-1) решает вопросы командирования, оказание материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышение квалификации, поощрения, выплаты надбавок, налагает дисциплинарные взыскания на заместителей руководителей территориальных подразделений Комитета;";

      подпункт 13) пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "13) утверждает положения структурных подразделений и в пределах своей компетенции учредительные документы подведомственных организаций Комитета, а также положения территориальных подразделений, находящихся в ведении Комитета;".

      2. Комитету по водным ресурсам Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней со дня введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсах Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания.

      Министр экологии, геологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
М. Мирзагалиев