Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-Ө бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 4-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 06.10.2023 № 4-Ө бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тарамағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Жауапты хатшы С. Нұрлыбай

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 8-Ө бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік орган және оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет Министрлікке ведомстволық бағынысты, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы, штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.10.2021 № 405-Ө бұйрығымен.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесi.

      10. Комитеттің осы Ереженің 1-қосымшасына және 2-қосымшасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық органдары бар.

      11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      13. Комитет Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілері мен шарттық қатынастарға түспейді.

      Егер Комитетке заңнамалық актілер мен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері

      14. Мақсаттары:

      су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, стратегиялық, реттеушілік, атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын орындау.

      15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және белдеулерінде шаруашылық қызметтің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылысжайларының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      2) су объектілерінің бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су жіберу көлемдерін белгілейді;

      2-1) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге арналған су пайдалану лимиттерін белгілейді;

      3) жерүсті су объектілері үшін су сапасы стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;

      5) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      6) су объектілерін бірлесіп пайдалануға беруді келіседі;

      7) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      8) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;

      9) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

      10) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

      11) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

      12) судың және оны пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      13) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;

      14) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

      15) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      16) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастырады;

      17) жалпы республика бойынша негізгі өзендер мен басқа да су объектілерінің бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлейді;

      18) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

      19) республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      20) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      21) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;

      22) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануды келіседі;

      23) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;

      24) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;

      25) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;

      26) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

      27) су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;

      28) жер үсті су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

      29) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      30) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      31) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

      32) өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      33) өз құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу және шарт күшін жою бойынша ұсыныстар енгізеді;

      34) өз құзыреті шеңберінде халықаралық шарттарды жасасу және шарт күшін жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 23.02.2021 № 39-Ө бұйрығымен.

      16. Комитеттің құқықтары және міндеттері.

      Комитеттің құқықтары:

      1) Комитет құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынасқа түсу;

      2) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан Комитет құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;

      3) Комитетпен реттелген қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Комитеттің міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау болып табылады, оның ішінде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаттандырылуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

      2) Осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген қызметтерді уақытылы және сапалы орындау.

3-тарау. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      17. Комитетке басшылығын төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      18. Төрағаны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстары министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппараты басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 11.10.2021 № 405-Ө бұйрығымен.

      20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Министрлікке Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;

      3) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) Министрлікің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары орынбасарларын лауазымға (конкурстық рәсімдер өткізуді қоса алғанда) тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4-2) аумақтық бөлімшелердің басшылары орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) Министрлікпен келіскеннен кейін ведомстволық бағынысты ұйымдардың және олардың аумақтық бөлімшелердің басшыларын (өңірлік филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын) қызметке тағайындауға және қызметтен босатуғы келісім береді;

      6) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      7) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады;

      8-1) Комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;

      8-2) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      9) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      10) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      11) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарды қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;

      11-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеумәселелерін шешеді, тәртіптік жаза қолданады;

      12) Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындау басшы орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық бөлімшесін басқа қызметкеріне жүктеу туралы ұсыныс енгізеді;

      13) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

      14) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесіне келісім береді;

      15) нысаналы бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілерді салуға жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техника-экономикалық негіздемені заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;

      16) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;

      17) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

      18) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;

      19) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;

      20) Министрлікпен келіскеннен кейін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізеді;

      21) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 23.02.2021 № 39-Ө бұйрығымен.

      21. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      22. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкi

      23. Комитеттiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттiң мүлкi оған меншік иесі берген мүлiктiң, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығара алмайды немесе оған өзгедей тәсілмен билік ете алмайды.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінiң
Cу ресурстары комитеті
туралы ережеге
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

1-тарау. Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

2-тарау. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінiң
Cу ресурстары комитеті
туралы ережеге
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      8. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады