Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Н. Әміров |
Науырзым ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 8 желтоқсандағы | |
№ 145 қаулысына | |
қосымша |
Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45 және 65-баптарына сәйкес әзірленді және ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемдері:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі - күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
4-тарау. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда ауыл, ауылдық округтердің аудандық бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
2) Ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзіреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) ауыл және ауылдық округ бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және ауыл, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
7. Ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауыл және ауылдық округтердің ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
АШіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдардың және ауылдық округтердің ағымдағы есептік шығындары;
Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық ауылдардың және ауылдық округтердің жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;
Тіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдардың және ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтерін тұтынушылардың саны;
К1іj, ..., Кnіj – j функционалдық кіші тобы бойынша і-ауылдардағы және ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орта деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – і-аудандық маңызы бар қала халқы санының болжамы;
Халі – і-аудандық маңызы бар ауылдардағы, ауылдық округтердегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа аудандық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і-ауылдардың және ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Халі – і-ауылдар және ауылдық округтер халқының жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– ауыл, ауылдық округ халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;
– бір ауыл, ауылдық округ халқының орташа санының болжамы;
Халi – і-ауылдардың және ауылдық округтердің халық санының болжамы;
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
4) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i-ауыл, ауылдық округ белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і ауыл, ауылдық округтің халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
5) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – і-ауылдардың және ауылдық округтердің ауыл халқы санының болжамы;
– функционалдық кіші топ бойынша (барлық ауыл, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
6) тығыздық коэффициенті:
– аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;
– і-ауылдардағы, ауылдық округтердегі халықтың тығыздығы;
– ауылдар және ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
7) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-ауылдардың, ауылдық округтердің аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша орташа автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
8) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і ауыл, ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
9) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i-ауыл, ауылдық округтегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі; – ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылу шығындарының үлесі.
– ауыл, ауылдық округ бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудандағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
11. Келесі екі жылдардағы ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
5-тарау. Ауыл және ауылдық округ бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауыл және ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір ауыл және ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыр үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і ауыл, ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і ауыл, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджетпен ауыл және ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
6-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауыл, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауыл және ауылдық округтер бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i ауыл, ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i ауыл, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і ауыл, ауылдық округтің кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ауыл, ауылдық округ бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджетпен ауыл, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Науырзым ауданының ауыл және ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібіне | |
қосымша |