Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 26 қазандағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-99 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауылдық округі", "Таран ауылдық округінің", "Таран ауылының" сөз тіркестері "Әйет ауылдық округі", "Әйет ауылдық округінің", "Әйет ауылының" деп ауыстырылсын.
2. "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Әйет ауылдық округінің әкімі | А. Б. Бердалинов |