Әкімнің 2009 жылғы 26 қазандағы № 10 "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 13 шешімі

      Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Таран ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" 2009 жылғы 26 қазандағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-99 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауылдық округі", "Таран ауылдық округінің", "Таран ауылының" сөз тіркестері "Әйет ауылдық округі", "Әйет ауылдық округінің", "Әйет ауылының" деп ауыстырылсын.

      2. "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Әйет ауылдық округінің әкімі А. Б. Бердалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады