Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі "Ертіс ауданы ауылдар және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 134-28-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6029 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің Регламентінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ертіс ауданы ауылдар және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3- бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.";
көрсетілген шешімнің Регламентінің 3- тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Ертіс аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Ертіс ауданы әкімінің ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;";
көрсетілген шешімнің Регламентінің 5, 11- тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3)-тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылуы уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырылады немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
"11. Жиналыс өз өкілетті шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауыл, ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Ертіс аудандық мәслихатының қарауына беріледі.";
көрсетілген шешімнің Регламентінің 12-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Жиналыс қабылданған шешімдерді ауыл, ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |