Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 07.09.2023 № 25-7-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" № 295 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ертіс ауданы ауылдар және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар және ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 3-тармағының 1) - 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | Б. Шингисов |
Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 134-28-6 шешімімен бекітілген |
Ертіс ауданы ауылдар және ауылдық округтерінің
жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ертіс ауданы ауылдар және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3- бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 09.12.2021 № 53-11-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Ертіс ауданы ауылдар, ауылдық округтерінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген Ертіс ауданы ауылдар, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес Ертіс ауданы ауылдар, ауылдық округтер тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты Ертіс ауданы ауылдар, ауылдық округтер қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
1) бағдарламалық құжаттарды, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
2) ауыл, ауылдық округі бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
3) ауыл, ауылдық округі әкімі аппаратының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
4) бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
5) ауыл, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
6) ауыл, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
7) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
8) ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Ертіс аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Ертіс ауданы әкімінің ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
9) ауыл, ауылдық округі әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және ауыл, ауылдық округі орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
11) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 09.12.2021 № 53-11-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Жиналысты ауыл, ауылдық округ әкiмі дербес не жергілікті қоғамдастық жиыны өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкіміне ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
5. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3)-тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылуы уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырылады немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 09.12.2021 № 53-11-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6. Жиналысты шақыру алдында әкімінің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
7. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
8. Жиналыстың күн тәртібін ауыл, ауылдық округі әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
9. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын Ертіс аудандық мәслихат депутаттары, Ертіс аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдерін қабылдау тәртібі
11. Жиналыс өз өкілетті шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауыл, ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Ертіс аудандық мәслихатының қарауына беріледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 09.12.2021 № 53-11-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Жиналыс қабылданған шешімдерді ауыл, ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Ауыл, ауылдық округі әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені Ертіс ауданы әкімі Ертіс аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді – Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 09.12.2021 № 53-11-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.13. Әкім аппараты ауыл, ауылдық округі әкімінің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
14. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауыл, ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
15. Жиналыстып шақыруда мқабылданған мшешімдерді мауыл, ауылдық округі әкімінің маппаратым бұқаралық мақпарат мқұралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.
4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
16. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
17. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Ертіс ауданы әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Ертіс ауданы әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.