Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 қыркүйек № 2-36/317 ұсынысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында орналасқан "Эльдар" қарапайым серіктестік түрінде жүргізілетін фермерлік шаруашылығы, жер учаскесінің кадастірлық номірі: 14-211-053-005, ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №1-03-4 "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 23442 болып тіркелді).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық окугінің әкімі | В. Бруцкий |