Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 1-03-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23442 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 1-03-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 26.10.2021 № 1-03-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 2-36/203 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында орналасқан "Эльдар" қарапайым серіктестік түрінде жүргізілетін фермерлік шаруашылығына, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 14-211-053-005, ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Григорьевка ауылдық округінің әкімі В. Бруцкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады