Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілде "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 1-03-5 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 қыркүйек № 2-36/317 ұсынысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында орналасқан "Эльдар" қарапайым серіктестік түрінде жүргізілетін фермерлік шаруашылығы, жер учаскесінің кадастірлық номірі: 14-211-053-005, ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі №1-03-4 "Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімінің күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 23442 болып тіркелді).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық окугінің әкімі В. Бруцкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады