Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 10.10.2023 № 7-50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Утанов |
Жетісай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 1 қазандағы № 11-77-VII шешімімен бекітілген |
Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жетісай ауданында бөлек жергілікті қоғамдық жиындарын өткізу және және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Қала, кент, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерімен шақырылады.
Жетісай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді қаланың, кенттің және ауылдық округтің әкімімен ұйымдастырылады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды қала, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қала, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жетісай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны қала, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, кент, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:
жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:
халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекендерде 2 өкілге дейін;
халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекендерде 3 өкілге дейін;
халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекендерде 4 өкілге дейін.
12. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:
құрамына 1-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 10 өкілге дейін;
құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін;
құрамына 7 немесе одан көп ауыл енетін ауылдық округтерде 20 өкілге дейін.