Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V "Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/10-VII шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 тамыздағы № 6/13-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 24.08.2023 № 6/13-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/9-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3310 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бесқарағай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы М. Абылгазинова

  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 14/10-VІІ шешіміне
қосымша
  Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
№ 20/9-V шешімімен
бекітілген

Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

1-тарау. Жалпы Ережелер

      1.Осы Бесқарағай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бесқарағай ауданының аумағында ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғынға 1 өкіл сандық құрамда бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 31 марта 2014 года № 20/9-V "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Бескарагайского района"

Решение Бескарагайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 28 декабря 2021 года № 14/10-VII. Отменен решением Бескарагайского районного маслихата области Абай от 24 августа 2023 года № 6/13-VIII.

      Сноска. Отменен решением Бескарагайского районного маслихата области Абай от 24.08.2023 № 6/13-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Бескарагайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бескарагайского районного маслихата "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Бескарагайского района" от 31 марта 2014 года № 20/9-V (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3310) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Бескарагайского района, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Бескарагайского районного маслихата М. Абылгазинова

  Приложение к решению
Бескарагайского районного
маслихата
от 28 декабря 2021 года
№ 14/10-VІІ
  Утверждены решением
Бескарагайского районного
маслихата
от 31 марта 2014 года
№ 20/9-V

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходах местного сообщества на территории Бескарагайского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома на территории Бескарагайского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в количественном составе на 100 жителей 1 представитель.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего сельского округа.