Астрахан ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 қарашадағы № 7С-31-3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы М.Қожахмет

  Астрахан аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 3 қарашадағы
№ 7С-31-3 шешімімен
бекітілген

Астрахан ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астрахан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібінде белгілейді.

      2. Осы тәртіппен мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, ауылдық округ әкімі аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Астрахан ауданы әкімдігінің ресми сайты, Астрахан ауданы ауылдық округтерінің және Каменка ауылының әлеуметтік желіліері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Астрахан аудандық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, он жұмыс күні ішінде оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Астраханского района

Решение Астраханского районного маслихата Акмолинской области от 3 ноября 2022 года № 7С-31-3

      В соответствии с 6-тармағына статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Астраханский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Астраханского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Астраханского районного маслихата М.Қожахмет

  Утвержден
решением Астраханского
районного маслихата
от 3 ноября 2022 года
№ 7С-31-3

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Астраханского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Астраханского района разработан в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. В настоящем порядке используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села, сельского округа подразделяется на участки (села, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом села, сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа, села не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через районные средства массовой информации или на официальном сайте акимата Астраханского района, социальных сетях акимов сельских округов и села Каменка Астраханского района.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом села, сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      Не имеют права участвовать в сходе местного сообщества и на собрании местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом села, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Астраханским районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего села, сельского округа в течении десяти рабочих дней.