Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір аудандық мәслихатының "2022–2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
3–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының "2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9-бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге.".
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Шаимов |