Темір аудандық мәслихатының "2022–2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 211 шешімі. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Темір аудандық мәслихатының "2022–2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының "2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9-бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;

      3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;

      4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

      5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге;

      2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

      1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;

      2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

      3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

      4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге.".

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Темір аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Шаимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады