Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 228 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 100 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қауылжыр, Қайдауыл, Ұлпан ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 228 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қауылжыр ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны–ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қауылжыр ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қаыулжыр ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қауылжыр ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті учаскеден қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қауылжыр ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қауылжыр ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 228 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қауылжыр, Қайдауыл, Ұлпан ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны(адам)

1.

Қауылжыр ауылдық округі Қауылжыр ауылының Есет Көтібарұлы, Газшылар, Үстірт, Желтоқсан, Абай, Дала, Мөңке би көшелері тұрғындары үшін

3

2.

Қауылжыр ауылдық округі Қауылжыр ауылының Әйтеке би, Ұран Бақтыбай, Тілеу Айтұлы, Қауылжыр, Жағалау, Қазбек би көшелері тұрғындары үшін

2

3.

Қауылжыр ауылдық округі Қайдауыл ауылының тұрғындары үшін

2

4.

Қауылжыр ауылдық округі Ұлпан ауылының тұрғындары үшін

1

Барлығы:

8


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Кауылжырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 28 апреля 2022 года № 228. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 сентября 2023 года № 100

      Сноска. Утратило силу решением Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15.09.2023 № 100 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кауылжырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел Кауылжыр, Кайдауыл, Улпан для участия в сходе местного сообщества Кауылжырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев

  Приложение 1 к решению Шалкарского районного маслихата от 28 апреля 2022 года № 228

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кауылжырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кауылжырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Кауылжырского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) сельского округа в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Кауылжырского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Кауылжырского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах сел организуется акимом Кауылжырского сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих участков, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном участке и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Кауылжырского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Кауылжырского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Кауылжырского сельского округа.

  Приложение 2 к решению Шалкарского районного маслихата от 28 апреля 2022 года № 228

Количественный состав представителей жителей сел Кауылжыр, Кайдауыл, Улпан для участия в сходе местного сообщества Кауылжырского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области

Наименование населенного пункта

Количество представителей для участия в сходе местного сообщества (человек)

1.

Для жителей улиц Есет Көтібарұлы, Газшылар, Үстірт, Желтоқсан, Абай, Дала, Мөңке би села Кауылжыр Кауылжырского сельского округа

3

2.

Для жителей улиц Әйтеке би, Ұран Бактыбай, Тілеу Айтұлы, Кауылжыр, Жагалау, Казбек би села Кауылжыр Кауылжырского сельского округа

2

3.

Для жителей села Кайдауыл Кауылжырского сельского округа

2

4.

Для жителей села Улпан Кауылжырского сельского округа

1

Всего:

8