Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 № 149 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы:
1 санат "Салықтық түсімдер":
05 сыныбы "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар":
4 кіші сыныбында "Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар":
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым" 02 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
02 "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым)";
"Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым" 32 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
32 "Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым";
"Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым" 33 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
33 "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым";
"Азаматтық авиация саласындағы сертификат үшін алым" 35 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
35 "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым";
мынадай мазмұндағы 36 ерекшелікпен толықтырылсын:
36 "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.";
5 кіші сыныбында "Ойын бизнесіне салық":
"Тіркелген салық" 02 ерекшелігі алынып тасталсын;
2 санат "Салықтық емес түсiмдер":
01 сыныбы "Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер":
6 кіші сыныбында "Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар":
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша сыйақылар" 01 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
01 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар".
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:
802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
005 "Мәдени-демалыс жұмысын қолдау" және 025 "Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалар бойынша:
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";
2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:
802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
006 "Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту", 007 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу" және 008 "Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы" бюджеттік бағдарламалар бойынша:
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";
3 "Ақпараттық кеңiстiк" функционалдық кіші тобында:
470 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
005 "Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер" және 008 "Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту" бюджеттік бағдарламалар бойынша:
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";
802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
004 "Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";
9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
470 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Жергiлiктi деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" және 004 "Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламалар бойынша:
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";
802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Жергілікті деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";
09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
1 "Отын және энергетика" функционалдық кіші тобында:
343 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мындай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 050 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"050 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен".
2. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 № 150 бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |