Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 197 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы:

      1 санат "Салықтық түсімдер":

      05 сыныбы "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар":

      4 кіші сыныбында "Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар":

      "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым" 02 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:

      02 "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым)";

      "Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым" 32 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:

      32 "Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым";

      "Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым" 33 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:

      33 "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым";

      "Азаматтық авиация саласындағы сертификат үшін алым" 35 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:

      35 "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым";

      мынадай мазмұндағы 36 ерекшелікпен толықтырылсын:

      36 "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.";

      5 кіші сыныбында "Ойын бизнесіне салық":

      "Тіркелген салық" 02 ерекшелігі алынып тасталсын;

      2 санат "Салықтық емес түсiмдер":

      01 сыныбы "Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер":

      6 кіші сыныбында "Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар":

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша сыйақылар" 01 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:

      01 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар".

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:

      802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Мәдени-демалыс жұмысын қолдау" және 025 "Тарихи-мәдени мұраны сақтауды және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту", 007 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу" және 008 "Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      3 "Ақпараттық кеңiстiк" функционалдық кіші тобында:

      470 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер" және 008 "Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      004 "Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      470 "Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жергiлiктi деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" және 004 "Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      802 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жергілікті деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      1 "Отын және энергетика" функционалдық кіші тобында:

      343 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мындай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 050 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "050 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен".

      2. "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      приказдың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққамүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі";

      Приказдың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі бекітілсін.";

      1 қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі";

      1 санат "Салықтық түсімдер":

      05 сыныбы "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар":

      4 кіші сыныбында "Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар":

      жол

      "

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым

1

05

4

02



100

100




      "

      келесі редакцияда жазылсын:

      "

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым)

1

05

4

02



100

100




      ";

      жол

      "

Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым

1

05

4

32

100







      "

      келесі редакцияда жазылсын:

      "

Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын келісім бергені үшін алым

1

05

4

32

100







      ";

      жол

      "

Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым

1

05

4

33


100

100





      "

      келесі редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым

1

05

4

33


100

100





      ";

      жол

      "

Азаматтық авиация саласындағы сертификат үшін алым

1

05

4

35

100







      "

      келесі редакцияда жазылсын:

      "

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттарды бергені үшін алым

1

05

4

35

100







      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжаттың берілгені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады

1

05

4

36

100







      ";

      5 кіші сыныбында "Ойын бизнесіне салық":

      жолды

      "

Тіркелген салық

1

05

5

02



100

100




      "

      алып тастау;

      2 санат "Салықтық емес түсiмдер":

      01 сыныбы "Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер":

      6 кіші сыныбында "Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар":

      жол

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша сыйақылар

2

01

6

01

100







      "

      келесі редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар;

2

01

6

01

100







      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады