Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2022 жылғы 03қарашадағы № 272 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан 1315 (пастереллез) ауруынан сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің "Райбай" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 07 қазандағы № 05 "Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің "Райбай" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тарбағатай ауылдық округі әкімі | Е. Ережепов |