Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы № 154 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 189 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 22.08.2024 № 189 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қаражал қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:

      1) "Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы №220 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген) шешімі;

      2) "Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы XXVIII сессиясының №220 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 74 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4129 нөмірімен тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

  Қаражал қалалық мәслихатының
2022 жылғы 18 тамыздағы
№154 шешіміне
қосымша

Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Шалғы кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Шалғы кентінің аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден саны үш адамнан тұратын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалғы кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шалғы кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу немесе Whatsapp, Instagram, Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу тәсілімен, өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Олардың тұрғылықты жері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шалғы кентінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастық жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ. 

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қаражал қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Шалғы кенті әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский города Каражал

Решение Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 18 августа 2022 года № 154. Утратило силу решением Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 22 августа 2024 года № 189

      Сноска. Утратило cилу решением Каражалского городского маслихата области Ұлытау от 22.08.2024 № 189 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 707 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года №1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Каражалского городского маслихата:

      1) "Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинск" от 31 марта 2014 года №220 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2622);

      2) "О внесении изменения в решение XXVIII сессии Каражалского городского маслихата от 31 марта 2014 года №220 "Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинск" от 23 декабря 2016 года № 74 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4129).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата З. Оспанова

  Приложение
к решению
Каражалского городского маслихата
от 18 августа 2022 года №154

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей поселка Шалгинский.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) поселка Шалгинский в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория поселка Шалгинский подразделяется на участки (микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве трех человек, от каждой улицы.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом поселка Шалгинский.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом поселка Шалгинский не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или путем звонка через сотовую связь или отправки сообщения с использованием мессенджеров Whatsapp, Instagram, Telegram.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества на пределах их мест проживания организуется акимом поселка Шалгинский.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего поселка, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать. Не имеют права участвовать в сходе местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном поселке, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом поселка Шалгинский или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким поселка Шалгинский или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей поселка, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом города Каражал.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества. В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима поселка Шалгинский в течении пяти рабочих дней.