Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХXVІІІ сессиясының № 220 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 2622 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы № 154 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 18.08.2022 № 154 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

XXVIII cессияның төрағасы,


қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова


  Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
XXVIII сессиясының № 220
шешімімен бекітілген

Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (одан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес дайындалды және Шалғы кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Шалғы кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) Шалғы кентінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Шалғы кентінің әкімі шақырады. Қаражал қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

      5. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалар, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар қатыспайды.

      6. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Шалғы кентінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      9. Бөлек жиынды Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      10. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Шалғы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 23.12.2016 № 74 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады