Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 220 "Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы VIII сессиясының № 74 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қаңтарда № 4129 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 тамыздағы № 154 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 18.08.2022 № 154 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 220 "Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 17 мамырдағы № 21 (693) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:

      12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Шалғы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІІІ сессияның төрағасы Т. Қасымов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады