"Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 17/12 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Шахтинск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №71/02 қаулысына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. "Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.К. Ибраева):

      1) Ереженің Әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары С.Б. Жаппаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі А. Халтонов

  Қарағанды облысы
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 сәуірдегі
№ 17/12 қаулысымен бекітілген

"Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1 тарау. Жалпы ереже

      1. "Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мемлекеттік мекеме) Шахтинск қаласының аумағында мәдениет және өнер, мемлекеттік тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті үйлестіруді және басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы" КМҚК;

      2) "Шахан кентінің мәдениет үйі" КМҚК;

      3) "Новодолинский кентінің мәдениет үйі" КМҚК;

      4) "Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ;

      5) "Бастау" оқу-әдістемелік орталығы" КММ;

      6) "Барс" КМҚК.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің актілеріне, басқа да нормативті - құқықтық актілерге, сонымен қатар осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бүйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Казахстанская көшесі 101.

      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаты мен өкілеттіктері

      13. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары:

      1) мәдениет саласында отандық өнімге деген сұраныстың өсуіне жағдай жасау;

      2) мәдениет пен өнер саласында бәсекелестікті көтеру;

      3) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және ұйыстырушы функциясын кеңейту;

      4) ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізу;

      5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      8) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

      14. Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

      - ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      - қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;

      - мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға;

      - мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне сыйақы және тәртіптік жаза беруге;

      - мемлекеттік мекеменің мемлекеттік мекеме құру мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

      2) Мемлекеттік мекеменің міндеттері:

      - өз құзыреті шегінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт саласындағы мекемелері мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді, қарым-қатынасты жүзеге асырады және оларға әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін өзге де мәселелерді үйлестіреді;

      - мәдениет, өнер, тіл саясаты, дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, нақты бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін бөлінген қалалық бюджеттен бөлу туралы ұсыныс жасап, олардың мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді;

      - 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

      - Шахтинск қаласы әкімдігінің және әкімінің тапсырмаларын бұлжытпай орындау үшін, барлық қажетті шараларды қабылдайды ;

      - қалалық мәдени- сауық, спорттық-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларын жылдық, күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

      - қала әкіміне ақпаратты қамтамасыз етуді және талдауды жүзеге асырады;

      - алқа біліктілік комиссиясын, үйлестіру және жаттықтырушылар кеңесін жасайды;

      -мемлекеттік сатып алу келісім шарты мен тұрақты бақылауды, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде бөлінген бюджеттік қаражаттардың игерілуін қамтамасыз етеді;

      - Шахтинск аумағында, мәдени-сауық, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізуді үйлестіреді;

      - Қазақстан Республикасының қолданымдағы өзге де заңнамаларымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.

      15. Мемлекеттік мекеменің функциялары:

      - Шахтинск аймағында мәдение және өнер, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізеді;

      - Шахтинск аймағында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырады;

      - ономастика бойынша сұрақтарды дайындап, қарастырады;

      - мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған, әлеуметтік–маңызы бар және бұқаралық-мәдени шараларды, халық шығармашылығының смотрларын, конкурстар мен фестивальдарын өткізеді;

      - көркемөнерпаздар ұжымының, үйірмелердің, қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмыстарын, тұрғындардың бос уақытын қызықты өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;

      - жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;

      - аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзуi;

      - спорт түрлерi бойынша құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуi;

      - қала аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етуі;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде қала аумағында мідение, өнер, тіл саясаты, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және қаланың атқарушы органына ұсыну;

      - дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      - әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      - мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;

      - бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің қызметін жариялау жұмыстарын ұйымдастырады;

      - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру;

      - Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

      - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану.

      мемлекеттік мекеменің қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 14.07.2023 № 33/03 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға сәйкес тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттілігі:

      1) мемлекеттік мекемеге жалпы басшылықты жүзеге асырады, Бөлімнің қызметін ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімнің және мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің штаттық санын берілген лимит шеңберінде бекітеді;

      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімше жетекшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібінің ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтардың орындалуын бақылайды;

      6) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      8) шарттар жасайды,

      9) сенімхаттар береді;

      10) қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, қазақстандық және шет елдердегі оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәлімгерлік, іссапар бойынша мемлекеттік мекеме жоспарларын бекітеді;

      11) қызметкерлердің бәріне қажетті нұсқаулар береді, бұйрық шығарады;

      12) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты мекеме басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      13) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен сыйақы береді;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;

      16) заңды тұлғаның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес белгіленеді және жүргізіледі;

      17) мемлекеттік мекеме басшысы дара басшылық қағидасын ұстанады, осы Ереже мен Қазақстан Республикасы заңдылықтарында белгіленгендей өз құзыры шеңберінде бөлім қызметі бойынша сұрақтарды шеше береді.

      18) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құжатпен қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарастыруды, ісқағаздарының мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілуін ұйымдастырады;

      19) мемлекеттік мекеменің қарамағына мүлік бекітеді және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылау жүргізеді;

      20) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      21) мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      22) өкілетті органмен, осы Ережемен, заңдылықтармен жүктелген басқа да функцияларды жүргізеді;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, уақытылы және сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылауды жүзеге асырады;

      24) мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезде оның міндеттерін қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. Мемлекеттік мекеме мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Мемлекеттік мекемеде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Мемлекеттік мекеменің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы" КМҚК;

      2) "Шахан кентінің мәдениет үйі" КМҚК;

      3) "Новодолинский кентінің мәдениет үйі" КМҚК;

      4) "Шахтинск қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ;

      5) "Бастау" оқу-әдістемелік орталығы КММ;

      6) "Барс" КМҚК.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Шахтинска"

Постановление акимата города Шахтинска Карагандинской области от 5 апреля 2022 года № 17/12.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением акимата города Шахтинска от 28 декабря 2021 года №71/02 акимат города Шахтинска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Шахтинска".

      2. Государственному учреждению ""Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Шахтинска" (Ибраева С.К):

      1) обеспечить регистрацию Положения в органах юстиции;

      2) принять все необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Шахтинска Жаппарова С.Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шахтинска А. Халтонов

  Утверждено
постановлением акимата
города Шахтинска
Карагандинской области
от 5 апреля 2022 года
№ 17/12

Положение государственного учреждения "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Шахтинска"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Шахтинска" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство и координацию деятельности в сфере культуры и искусства, государственной языковой политики, физической культуры и спорта на территории города Шахтинска.

      2. Государственное учреждение имеет ведомства:

      1) КГКП "Дворец культуры горняков города Шахтинска";

      2) КГКП "Дом культуры поселка Шахан";

      3) КГКП "Дом культуры поселка Новодолинский";

      4) КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система";

      5) КГУ "Учебно-методический центр "Бастау";

      6) КГКП "Барс".

      3. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим положением.

      4. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, в счета в органах казначейства, в соответствии с законодательством Республики Казахстан

      5. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 101600, Карагандинская область, город Шахтинск, улица Казахстанская 101.

      10. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения.

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из республиканского и местных бюджетов.

      12. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения.

      Если государственному учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения

      13. Задачи государственного учреждения:

      1) стимулирование роста востребованности отечественного продукта сферы культуры и искусства;

      2) повышение конкурентоспособности сферы культуры и искусства;

      3) расширение социально-коммуникативных и консолидирующих функций государственного языка;

      4) проведение государственной языковой политики в сфере ономастики;

      5) обеспечение безопасности жизни и здоровья лиц, занимающихся физической культурой и спортом, а также участников и зрителей физкультурно-оздоровительных и спортивных мероприятий и соблюдение общественного порядка в местах проведения спортивно-массовых мероприятий;

      6) развитие национальных, технических и прикладных видов спорта;

      7) поддержка и стимулирование физической культуры и спорта;

      8) содействие развитию всех видов спорта с учетом социальной и образовательной функций, а также специфики их структуры, основанной на принципе добровольной деятельности.

      14. Полномочия государственного учреждения:

      1) Имеет право;

      - запрашивать и получать от государственных органов, организаций, финансируемых из государственного бюджета, необходимую информацию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от физических и юридических лиц по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения;

      - пользоваться всеми видами информационных данных, вести служебную переписку с государственными органами, организациями и негосударственными организациями всех форм собственности по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения;

      - участвовать в заседаниях акимата города, местных исполнительных органов;

      - осуществляет иные полномочия, определенные Законом РК "О государственном имуществе", иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан;

      - государственное учреждение не вправе заниматься деятельностью, не отвечающей цели создания государственного учреждения.

      2) Обязанности государственного учреждения:

      в пределах своей компетенции координирует деятельность государственных и негосударственных организации культуры и искусства, учреждений и спортивных организаций в области физической культуры и спорта, осуществляет взаимодействие и оказывает им методическую помощь, а также по другим вопросам, относящимися к компетенции государственного учреждения.

      - участвует в разработке и реализации региональных программ развития культуры и искусства, языковой политики, физической культуры и спорта, вносит предложения по распределению средств городского бюджета, выделяемых на целевые программы и проекты и обеспечивает их целевое использование;

      - присваивает спортивные разряды и категории: спортсмен 2 разряда, спортсмен 3 разряда, спортсмен 1 юношеского разряда, спортсмен 2 юношеского разряда, спортсмен 3 юношеского разряда и квалификационных категорий тренер высшего уровня квалификации второй категории, тренер среднего уровня квалификации второй категории, методист высшего уровня квалификации второй категории, методист среднего уровня квалификации второй категории, инструктор-спортсмен высшего уровня квалификации второй категории, спортивный судья;

      - принимает все необходимые меры для неукоснительного исполнения поручений акима и акимата города Шахтинска;

      - разрабатывает, утверждает и реализует годовые, календарные планы городских культурно-досуговых, спортивно-массовых и оздоровительных мероприятий;

      - осуществляет анализ и информационное обеспечение акима города;

      - создает коллегии, квалификационные комиссии, координационные и тренерские советы;

      - обеспечивает постоянный контроль и мониторинг за исполнением договоров государственных закупок, работ и услуг, в том числе за освоением выделяемых бюджетных средств;

      - координирует организацию и проведение культурно -массовых, спортивных мероприятий на территории Шахтинского региона;

      - имеет иные права и обязанности, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции государственного учреждения:

      - осуществление государственной политики в области культуры, языковой политики, физической культуры и спорта на территорий Шахтинского региона;

      - реализация государственной языковой политики на территорий Шахтинского региона;

      - подготовка и рассмотрение вопросов по ономастике;

      - проведение мероприятий, посвященных национальным и государственным праздникам, социально-значимым и культурно-массовым мероприятий, смотров народного творчества, конкурсов и фестивалей;

      - организация разностороннего повседневного досуга населения, работы коллективов художественной самодеятельности, кружков, клубов по интересам;

      - принятие мер по созданию инфраструктуры для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;

      - организация и проведение спортивных мероприятий на территории города, спортивных соревновании по видам спорта совместно с местными аккредитованными спортивными федерациями;

      - подготовка сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;

      - развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории города;

      - сбор, анализ и предоставление информации по развитию культуры и искусства, языковой политики, физической культуры и спорта на территории города по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      - обеспечение общественного порядка и общественной безопасности при проведении физкультурных и спортивных мероприятий;

      - оказание методической и консультативной помощи;

      - организация деятельности неспециализированных детско-юношеских школ;

      - организует освещение деятельности отдела в средствах массовой информации;

      - в пределах своей компетенции осуществление иных функций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      - давать рекомендации об устранении нарушений требований, установленных законодательством Республики Казахстан о языках;

      - осуществление деятельности в сфере профилактики административных правонарушений по курируемым направлениям в порядке определенном Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

      осуществление проектного управления в деятельности государственного учреждения.

      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным постановлением акимата города Шахтинска Карагандинской области от 14.07.2023 № 33/03 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа, коллегиальных органов (при наличии)

      16. Руководство государственного учреждения осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель государственного учреждения может иметь заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения:

      1) осуществляет общее руководство государственного учреждения, рганизует организационно - правовое, материально-техническое и финансовое обеспечение деятельности отдела, координирует и контролирует работу отдела и структурных подразделений государственного учреждения;

      2) предоставляет на утверждение акимата города положение и структуру государственного учреждения, а также изменения в них;

      3) утверждает штатную численность государственного учреждения, финансируемого из местного бюджета, в пределах утвержденного лимита штатной численности;

      4) утверждает должностные инструкции специалистов отделов и руководителей структурных подразделений государственного учреждения;

      5) утверждает правила внутреннего трудового распорядка в государственном учреждении, контролирует исполнение законодательства о государственной службе;

      6) без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      7) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;

      8) заключает договоры;

      9) выдает доверенности;

      10) утверждает планы государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      11) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      12) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников государственного учреждения и первых руководителей подведомственных организаций культуры и спорта;

      13) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      14) принимает меры по противодействию коррупции;

      15) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;

      16) взаимоотношения между администрацией юридического лица и его трудовым коллективом определяются и регулируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      17) руководитель государственного учреждения действует на принципах единононачалия, самостоятельно решает вопросы деятельности отдела в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;

      18) организация документационного обеспечения деятельности отдела культуры и развития языков, рассмотрение служебных документов, писем, обращений и заявлений граждан, личный прием граждан, функционирование делопроизводства на государственном и русском языках;

      19) закрепляет за государственным учреждением имущество и осуществляет контроль за сохранностью имущества государственного учреждения;

      20) утверждает индивидуальный план финансирования государственного учреждения;

      21) обеспечивает соблюдение Регламента отдела культуры и развития языков;

      22) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением и уполномоченным органом;

      23) оказывает в пределах компетенции государственные услуги, в соответствии с законодательством Республики Казахстан и осуществляет контроль за своевременным и качественным оказанием государственных услуг;

      24) исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного учреждения

      21. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      22. Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Условия реорганизации и ликвидации государственного учреждения

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      26. Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения:

      1) КГКП "Дворец культуры горняков города Шахтинска";

      2) КГКП "Дом культуры поселка Шахан";

      3) КГКП "Дом культуры поселка Новодолинский";

      4) КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система";

      5) КГУ "Учебно-методический центр "Бастау";

      6) КГКП "Барс".