Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әкімдіктің 2022 жылғы 5 сәуірдегі №17/12 "Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтыру енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары С.Б. Жаппаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 33/03 қаулысына қосымша |
"Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 15-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"мемлекеттік мекеменің қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру.".