Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 21/148 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8/60 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа аудандық маслихат хатшысы К. Имантусупов

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2022 жылғы "5" сәуірдегі № 21/148
шешіміне 1 қосымша

Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге бөлінеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 26.07.2022 № 27/185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қызылжар кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қызылжар кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Кент шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қызылжар кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 26.07.2022 № 27/185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 26.07.2022 № 27/185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қызылжар кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қызылжар кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 26.07.2022 № 27/185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Қызылжар кентінің әкімінің аппаратына беріледі.

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/148
шешіміне 2 қосымша

Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Көшелердің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

А.Даулетбеков

1

2

Ж.Садуақасов

1

3

Б.Сағынтаев

1

4

Ш.Үсенов

1

5

Мұса Әмзе

1

6

Б. Аймұханов

1

7

Қ. Байдаулетов

1

8

Бейбітшілік

1

9

Жеңістің 40 жылдығы

1

10

Ш.Ералиев

1



10


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района

Решение Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 5 апреля 2022 года № 21/148. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 19 октября 2023 года № 8/60

      Сноска. Утратило cилу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 19.10.2023 № 8/60 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей поселка, для участия в сходе местного сообщества поселка Кызылжар согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Жанааркинского районного маслихата К. Имантусупов

  Приложение 1 к решению
Жанааркинского районного маслихата
от "5" апреля 2022 года №21/148

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района, разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество - совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества - непосредственное участие жителей села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория поселка подразделяется на участки.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции решения Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 26.07.2022 № 27/185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом поселка Кызылжар.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества, оповещается акимом поселка Кызылжар не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах поселка организуется акимом поселка Кызылжар. При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 26.07.2022 № 27/185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего поселка имеющих право в нем участвовать. Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном поселке и имеющих право в нем участвовать.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 26.07.2022 № 27/185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом поселка Кызылжар или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким поселка Кызылжар или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей поселка, для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Жанаркинским районным маслихатом.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 26.07.2022 № 27/185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима поселка Кызылжар.

  Приложение 2 к решению
Жанааркинского районного маслихата
от "5" апреля 2022 года №21/148

Количественный состав представителей жителей поселка, для участия в сходе местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района

Найменование улиц

Количество представителей (человек)

1

А.Даулетбекова

1

2

Ж.Садуакасова

1

3

Б.Сагынтаева

1

4

Ш.Усенова

1

5

Муса Амзе

1

6

Б. Аймуханова

1

7

К. Байдаулетова

1

8

Бейбітшілік

1

9

40 - лет Победы

1

10

Ш.Ералиев

1



10